"Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенiн құруға қатысты өзгерістер мақұлданды

© Photo : Пресс-служба корпорации "Роскосмос"Байқоңырдағы "Прогресс МС-31"
Байқоңырдағы Прогресс МС-31 - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2025
Жазылу
Жобаны жалпы құны – 90,8 млрд теңге, соның ішінде 2025 жылға 60,8 млрд теңге қарастырылған
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Сенат "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге енгізілген өзгерістерді мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Түзетулер мемлекеттік жобаны іске асыру мерзімдерін нақтылап, бірқатар салықтық және ұйымдастырушылық мәселелерді реттейді. Негізгі өзгерістер:
ұшу сынақтарының басталу мерзімі 2023 жылдан 2025 жылға ауыстыру;
2028–2039 жылдар аралығында жылына екі рет емес, үш рет кепілдендірілген ұшу жүргізу;
бейрезиденттер үшін қосылған құн салығына нөлдік мөлшерлеме енгізу;
"Бәйтерек" акционерлік қоғамына корпоративтік табыс салығы бойынша жеңілдіктер мерзімі 2028 жылдан жаңа кешен пайдалануға берілгеннен кейін 15 жылға дейін ұзарту.
"Аталған салықтық преференциялар жобаның техникалық-экономикалық негіздемесінде қарастырылмағанымен, бюджетке қосымша жүктеме түсірмей, инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында ұсынылып отыр. Қаржыландыру республикалық бюджеттен мемлекеттік тапсырма аясында жүзеге асырылады", - деді сенатор Бибігүл Жексенбай сенаттың бүгінгі отырысында.
Жобаны жалпы құны – 90,8 млрд теңге, соның ішінде 2025 жылға 60,8 млрд теңге қарастырылған.
"Ресей тарапы "Союз-5" зымыран тасығышын және оның техникалық жабдықтарын дайындау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Зауыттық сынақтар қазақстандық мамандардың қатысуымен жүзеге асырылды. Алғашқы ұшыру 2025 жылғы желтоқсан айына жоспарланған", - деді сенатор.
"Союз-5" зымыран тасығышының артықшылықтары:
экологиялық тұрғыдан қауіпсіз;
керосин мен оттегі отынын қолданады;
қазіргі таңда пайдаланып жүрген "Протон-М" зымыран тасығышының орнын басады.
Келісімде құлау аймақтары да айқындалған.
Айта кетері, "Бәйтерек" жобасы Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі Байқоңырдағы алғашқы және жалғыз толыққанды бірлескен бастама болып табылады. Бұл жоба ғарыш айлағы инфрақұрылымын сақтап қалу, отандық кадрлық әлеуетті арттыруға, ғарыш саласының толық циклын, аппараттар жасау мен оларды ұшыруды өзімізде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Макет ракеты-носителя Н-1 подарили городу Байконуру к 70-летнему юбилею   - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2025
Мәжіліс "Бәйтерек" кешенінен ұшу санын арттыру туралы заңды қабылдады
Жаңалықтар
0