https://sputnik.kz/20250903/berdenovke-zhasalgan-qastandyqtan-keyin-politseyler-tergeuge-alyndy-56792303.html
Берденовке жасалған қастандықтан кейін полицейлер тергеуге алынды
Берденовке жасалған қастандықтан кейін полицейлер тергеуге алынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін полицейлердің... 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T16:41+0500
2025-09-03T16:41+0500
2025-09-03T16:43+0500
қастандық
тергеу
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e9/09/03/56788439_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_40232f151ece4e5c73081d3fd0d09d72.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін полицейлердің тергеуге алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бұған дейін желіде Берденовке кезелген мылтықтың Астанада есептен шығарылғаны жайында ақпарат тарады. Артынан дәл сол қарумен Шымкентте әкім орынбасарына қастандық жасалды.Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мылтықтың заңсыз сатылғанын растады. Қазіргі кезде осы іске қатысы бар полицейлер қызметке салғырт қарау бойынша тергеуге алынды.Айта кетері, қызметке салғырт қарау бабы бойынша 1 000 АЕК-ке (2025 жылда – 3 932 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, я болмаса, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет бойынша бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.
https://sputnik.kz/20250820/ruslan-berdenovke-oq-atqan-er-adam-9zhylga-sottaldy-56466200.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/03/56788439_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_dc6c3320ef6e9fd5c9e42a07bb671cf1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қастандық, тергеу, қару-жарақ
қастандық, тергеу, қару-жарақ
Берденовке жасалған қастандықтан кейін полицейлер тергеуге алынды
16:41 03.09.2025 (жаңартылды: 16:43 03.09.2025) АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандықтан кейін полицейлердің тергеуге алынғанын мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін желіде Берденовке кезелген мылтықтың Астанада есептен шығарылғаны жайында ақпарат тарады. Артынан дәл сол қарумен Шымкентте әкім орынбасарына қастандық жасалды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мылтықтың заңсыз сатылғанын растады. Қазіргі кезде осы іске қатысы бар полицейлер қызметке салғырт қарау бойынша тергеуге алынды.
"Иә, өкінішке қарай ондай жағдай бар. Қызметкерлердің өз жұмысына салғырт қарау әрекеті болды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде кімнің кінәсі бар екенін, кімге сатқанын, бәрін анықтаймыз", - деді Сәденов мәжілісте өткен брифингте.
Айта кетері, қызметке салғырт қарау бабы бойынша 1 000 АЕК-ке (2025 жылда – 3 932 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту, я болмаса, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол іс-әрекет бойынша бес жылға дейiн бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады.