https://sputnik.kz/20250903/bektenov-egmont-okilimen-aktivterdi-qaytaru-maselesin-talqylady-56794799.html
Бектенов "Эгмонт" өкілімен активтерді қайтару мәселесін талқылады
Бектенов "Эгмонт" өкілімен активтерді қайтару мәселесін талқылады
Sputnik Қазақстан
Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға келісті 03.09.2025, Sputnik Қазақстан
2025-09-03T19:10+0500
2025-09-03T19:10+0500
2025-09-03T19:10+0500
қаржы нарығы
олжас бектенов
https://sputnik.kz/img/07e9/09/03/56791586_0:0:1052:591_1920x0_80_0_0_45214c861e3b01c6ce701880355bbfd5.jpg
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесу өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Активтерді қайтару мен қаржылық барлаудың тиімділігін арттыруды қоса алғанда, кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен әрекет тетіктері қаралды.Олжас Бектенов "Эгмонт" тобының қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі халықаралық платформа ретіндегі маңыздылығын атап өтті және Қазақстанның кірістерді заңсыз шығаруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарға бейілді екенін растады.Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті."Эгмонт" тобы – әлемнің 182 юрисдикциясының халықаралық бірлестігі. Ұйым өз мүшелеріне арнайы қорғалған байланыс арнасы арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігін ұсынады. 2023 жылдан бастап Қазақстан "Эгмонт" құрылымында өңірлік өкіл қызметін атқарады.
https://sputnik.kz/20250903/qaytarylgan-aktivter-batys-qazaqstandagy-auyldardy-sumen-zhabdyqtauga-qarazhat-bolindi-56776535.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/03/56791586_185:0:973:591_1920x0_80_0_0_f0818f675ac85c36a8b452b8e18b1c20.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы нарығы, олжас бектенов
қаржы нарығы, олжас бектенов
Бектенов "Эгмонт" өкілімен активтерді қайтару мәселесін талқылады
Тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға келісті
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов "Эгмонт" қаржылық барлау бөлімшелері тобының атқарушы хатшысы Жером Бомонмен кездесу өткізді, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Активтерді қайтару мен қаржылық барлаудың тиімділігін арттыруды қоса алғанда, кірістерді заңсыз шығаруға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы бірлескен әрекет тетіктері қаралды.
"Жером Бомон Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады және серіктестікті дамытуға дайын екенін білдірді", - деп жазылған хабарламада.
Олжас Бектенов "Эгмонт" тобының қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі негізгі халықаралық платформа ретіндегі маңыздылығын атап өтті және Қазақстанның кірістерді заңсыз шығаруға, терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық стандарттарға бейілді екенін растады.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар жаһандық қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
"Эгмонт" тобы – әлемнің 182 юрисдикциясының халықаралық бірлестігі. Ұйым өз мүшелеріне арнайы қорғалған байланыс арнасы арқылы ақпарат алмасу мүмкіндігін ұсынады. 2023 жылдан бастап Қазақстан "Эгмонт" құрылымында өңірлік өкіл қызметін атқарады.