Сот орындаушылар азаматтардан өндірілген қаражатты құмар ойындарға жұмсаған

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыру жөнінде шаралар қабылдайды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласының прокуратурасы екі жеке сот орындаушысының әкімшілік айыппұлды өтеуге арналған қаражатты жымқыру фактілерін анықтады, деп хабарлады бас прокуратура.
Олар екі жыл бойы сот актілерін орындап, мемлекет қазынасын толықтырудың орнына, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қаражатты иемденіп, жеке мақсаттарына, соның ішінде құмар ойындарға қатысуға жұмсаған.
"Сол сияқты жеке және заңды тұлғалардың қаражаты да жымқырылған. Жалпы шығын 26 млн теңгеден асты", - деп жазылған хабарламада.
Сот орындаушыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, кейін олар келтірілген шығынды толығымен өтеді.
Тергеу нәтижелері бойынша уәкілетті орган оларды лицензияларынан айыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Лудомания - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жетісу облысында кәсіпкер субсидия қаражатын құмар ойындарға жұмсаған
Жаңалықтар
0