Семейде студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды

© Photo : ChanzjРебенок стоит у забора
Ребенок стоит у забора - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Ол жасөспірімдерге сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасаған
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Семей қаласында студент өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Абай облыстық сотына сілтеме жасап.
Заң факультеті студентінің 2022 жылдың мамыры мен 2025 жылдың қаңтар айларында 12 және 13 жастағы балаларға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды.
Сотта прокурор сотталушыны педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленушілердің заңды өкілдері мемлекеттік айыптаушыны қолдады. Ал сотталушы өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өзін ақтауды сұрады.
Сот оны кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2025
Жасөспірімді жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген ер адам өмір бойына сотталды
Жаңалықтар
0