Қандай кредиттер бірден берілмейді - агенттік төрағасы жауап берді

© Sputnik / Санат ИмангалиевМобильный перевод
Мобильный перевод - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
600 мың мен 1 млн теңге аралығындағы кредиттер бойынша 8 сағаттық "шешім қабылдау кезеңі" болады
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова қандай кредиттер бірден берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент қол қойған заңға сәйкес, тұтынушылық кепілсіз онлайн-кредиттерді ресімдеу кезінде "шешім қабылдау кезеңі" енгізіледі. Негізгі мақсат - халықты алаяқтардан қорғау және дұрыс шешім қабылдауға уақыт беру.
"Енді, 255 АЕК-тен, яғни, 1 млн теңгеден асатын барлық кредит бойынша 24 сағаттық "шешім қабылдау кезеңі" енгізіледі. Банк осы уақыттың ішінде алаяқтардың бар-жоғын, кридеттің қандай мақсатта ресімделіп жатқанын және тағы басқа қауіп-қатерлерді тексеруге міндетті. Өтініш берген адам да ойланып, кредит алудан бас тарта алады", - деді Әбілқасымова журналистерге берген сұхбатында.
Ал 150-250 АЕК, яғни, 600 мың мен 1 млн теңге аралығындағы кредиттер бойынша 8 сағаттық "шешім қабылдау кезеңі" болады.
"Бұрын кредиттер бірнеше минуттың ішінде ресімделетін. Енді олай болмайды", - деді Әбілқасымова.
Теңге, валюта - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.05.2025
Қазақстанда кредит беру тәртібін өзгерту ұсынылды
Жаңалықтар
0