https://sputnik.kz/20250730/onlayn-kreditter-5-minutta-berilmeydi--agenttik-zhana-tartipti-tusindirdi-56053531.html
Онлайн-кредиттер 5 минутта берілмейді – агенттік жаңа тәртіпті түсіндірді
Онлайн-кредиттер 5 минутта берілмейді – агенттік жаңа тәртіпті түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Ккредиттердің ең төменгі мөлшерін агенттік айқындайды 30.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-30T17:37+0500
2025-07-30T17:37+0500
2025-07-30T17:45+0500
кредит
онлайн режим
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653855_1:0:1279:719_1920x0_80_0_0_df6916d229bfac94b8382d596012ed47.jpg
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-кредиттерді беру тәртібіне енгізілген өзгерісті түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Биыл маусымның соңында президент тиісті заңға қол қойды. Оған сәйкес, тұтынушылық кепілсіз онлайн-кредиттерді ресімдеу кезінде "шешім қабылдау кезеңі" енгізіледі.Ал кепілсіз тұтынушылық кредитті алғаш рет алатындар банк бөлімшесіне немесе микроқаржы ұйымына міндетті түрде өздері баруы қажет. Ондай кредиттердің ең төменгі мөлшерін де агенттік айқындайды.Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтардың жекелеген санаттарына олардың келісімі алынғаннан кейін ғана кепілсіз тұтынушылық кредиттер беріледі."Кредитті онлайн алуға жүгінген кезде келісім "электрондық үкімет" порталы, кредиттік бюро не кредитордың "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен ықпалдастырылған қосымшасы арқылы ресімделеді", - дейді мамандар.Айта кетері, жаңа талаптар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді. Ал "шешім қабылдау кезеңі" 90 күн өткеннен кейін қолданылады.
https://sputnik.kz/20250715/auyl-turgyndaryna-5-mynga-zhuyq-shagyn-kredit-beriledi--ukimet-55640358.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/12/41653855_161:0:1120:719_1920x0_80_0_0_cdb5a02102cf33def54335d55c85c656.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, онлайн режим
Онлайн-кредиттер 5 минутта берілмейді – агенттік жаңа тәртіпті түсіндірді
17:37 30.07.2025 (жаңартылды: 17:45 30.07.2025) Ккредиттердің ең төменгі мөлшерін агенттік айқындайды
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-кредиттерді беру тәртібіне енгізілген өзгерісті түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл маусымның соңында президент тиісті заңға қол қойды. Оған сәйкес, тұтынушылық кепілсіз онлайн-кредиттерді ресімдеу кезінде "шешім қабылдау кезеңі" енгізіледі.
"Бұл – шартқа қол қойылған сәт пен кредитті нақты беру арасындағы мерзім. Енді кредит осы мерзім өткеннен кейін және қарыз алушының оны беруге келісімін алғаннан кейін ғана берілуі мүмкін. Ал "шешім қабылдау кезеңі" қолданылатын кредиттің ең төмен мөлшері, сондай-ақ, қарыз алушының кредит алуға келісім беру тәртібі қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде айқындалатын болады", - делінген ресми хабарламада.
Ал кепілсіз тұтынушылық кредитті алғаш рет алатындар банк бөлімшесіне немесе микроқаржы ұйымына міндетті түрде өздері баруы қажет. Ондай кредиттердің ең төменгі мөлшерін де агенттік айқындайды.
Сондай-ақ, 21 жасқа толмаған және 55 жастан асқан азаматтардың жекелеген санаттарына олардың келісімі алынғаннан кейін ғана кепілсіз тұтынушылық кредиттер беріледі.
"Кредитті онлайн алуға жүгінген кезде келісім "электрондық үкімет" порталы, кредиттік бюро не кредитордың "электрондық үкімет" шлюзінде орналастырылған сервистермен ықпалдастырылған қосымшасы арқылы ресімделеді", - дейді мамандар.
Айта кетері, жаңа талаптар ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң күшіне енеді. Ал "шешім қабылдау кезеңі" 90 күн өткеннен кейін қолданылады.