Алматы әкімі метро құрылысын уақытында аяқтауды тапсырды

© Photo : акимат АлматыТурникеты в метро Алматы
Турникеты в метро Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2025
Жазылу
Бас мердігер нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезеңіндегі жұмыстардың барысын тексерді, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Бұл желі 5 шақырымнан астам қашықтыққа созылып, "Қалқаман" станциясын "Барлық" базары маңымен байланыстырады.
Жаңа желіде үш станция салынады:
Наурызбай ауданы әкімдігі жанында,
Алатау даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында,
"Барлық" базары маңында. Мұнда метро, автобекет, LRT және автотұрақты біріктіретін ірі көлік торабы бой көтереді.
"Қалқаман" станциясында жұмыстар қарқынды жүріп жатыр: бір тоннель толық жүргізілді, монолитті жұмыстардың 75%-ы орындалды, инженерлік жүйелер орнатылуда. Станцияда күн сайын 100 мыңнан астам жолаушы тасымалданатын болады.
"Жаңа станциялар мен көлік тораптарының құрылысы – тұрғындардың қолайлылығы мен қауіпсіздігіне салынған инвестиция. Біз жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауымыз қажет", – деді Дархан Сатыбалды.
Жоба аясында ұзындығы 3 шақырымнан асатын екі тоннель қарастырылған. Оның бірі толық дайын, мұнда пойыздардың дыбыссыз қозғалысын қамтамасыз ететін жаңа технология бойынша рельстер төселуде. Екінші тоннель 2026 жылдың қаңтарында аяқталады.
Әкімдік хабарлауынша, бас мердігер нысанды мерзімінен бұрын тапсыруды жоспарлап отыр: қараша айында инженерлік және әрлеу жұмыстары басталады.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы нысандарды аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Алматы әкімі тұрғындарға қандай уәде берді
Жаңалықтар
0