Алматы әкімі тұрғындарға қандай уәде берді

© Photo : Алматы әкімдігіАлматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы нысандарды аралады
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы нысандарды аралады - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2025
Жазылу
АЛМАТЫ, 15 маусым - Sputnik. Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап шықты, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Дархан Сатыбалды Алматыға әкім болғалы әлеуметтік нысандардың аралаумен жүр. Бұл жолы да мәселесі шаш етектен деген бірқатар шағын ауданға барып, тұрғындармен кездесті.
Соның бірі - "Нұршашқан" шағын ауданы. Қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан "Нығмет" скверіндегі жұмыстармен танысты. Бұл шағын ауданның тұрғындары су мен жарықтың жиі өшетінен шағымданды. Сатыбалды жарықтың болатынын айтып, уәде берді.
Сумен жабдықтау бойынша жобадағы кемшіліктерге байланысты қала әкімі қазіргі мердігермен жұмысты аяқтауды және мерзім бұзылған жағдайда басқа ұйымды тартуды тапсырды.
"Бұл жобаны жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау қажет", - деді әкім.
Сондай-ақ жаңа әкім Тұздыбастау, "Әлмерек" және "Маяк" шағын аудандарында да болды. Жаңа салынып жатқан балабақша, медициналық нысандар, су, кәріз, жарық пен жол сапасын тексерді.
Сондай-ақ көлік кептелісі ушығып тұрған күре жолдардағы мәселені жауапты мамандарға шешуді тапсырды.
Әкім бас сұққан тағы бір нысан - Майлин көшесіндегі "Авиатор" дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің аумағында салынатын спорт кешені. Жоба бойынша бұл кешен тәулігіне 1300-ге дейін келушіні қабылдай алады.
"Нысандар сапалы әрі мерзімінде аяқталуы тиіс. Жұмыс кестесін бұзатын мердігерлер жауапкершілікке тартылады", - деді қала басшысы.
Дархан Сатыбалдының айтуынша, бұдан былай Алматыдағы мердігер ұйымдарға бақылау күшейіп, тұрғындар айтқан проблемалар шешіледі.
Автобус бағыттарының жетіспеушілігі туралы сұраққа Алматы әкімі қоғамдық көлік жүйесі туралы толық мәлімет беріп, тұрғындар ұсынысы жаңа маршруттық сызбаны әзірлеу кезінде ескерілетінін айтты.
Жеке тұрғын үй секторының бір тұрғыны жолдардың тоғанын алға тартты. Дархан Сатыбалды бұл мәселе жауапсыз мердігерлердің әрекетімен байланысты екенін жеткізді.
"Мен өзім ауламен жүріп өттім, тұрғындардың неге тап болатынын көзіммен көрдім. Мұндай мәселелер назардан тыс қалмауы тиіс", - деді әкім.
"Сапар қорытындысы бойынша қала әкімі бірқатар нақты тапсырмалар беріп, мердігерлерге бақылауды күшейту және барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтауды міндеттеді", - дейді қала әкімдігі.
Алматыда ғимараттар сүрілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.06.2025
Тұрғын өтініші бойынша: Алматы орталығында екі қосалқы нысан сүрілді
Жаңалықтар
0