Тас құлап, жарақат алған: Іле Алатауында 6 альпинист құтқарылды

© Sputnik /Камшат АбдирайымМеста отдыха в Алматы
Места отдыха в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Алматы облысында 6 альпинист тікұшақпен құтқарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алты туристің бесеуі – Ресей азаматтары. Олар Іле Алатауында таулы маршруттан өткенде Сәтбаев шыңынан тас құлаған. Сол кезде екеуі аяғынан жарақат алып, ары қарай жүре алмады.
Құтқарушылар байланыстың жоқтығына қарамастан, топтың геолокациясын 4300 м биіктікте анықтап, барлығын тікұшақпен эвакуациялады. Ал әуежайда зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетілді. Ал апаттар медицинасы орталығының кезекші бригадасы ауруханаға алып кетті.
Осы орайда құтқарушылар тауға шықпас бұрын тәжірибе мен физикалық мүмкіндіктерді ескере отырып маршрутты жоспарлау қажеттігін еске салды.
Силуэты женщин, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2025
"Бұны ешқашан ұмытпаймын": Қазақ қызы Камбоджада құлдықтан құтқарылды
Жаңалықтар
0