"Қайрат" клубы "Реал Мадридпен" ойынның билетіне қатысты мәлімдеме жасады

© Photo : Пресс-служба ФК "Кайрат"Момент матча "Селтик" - "Кайрат"
Момент матча Селтик - Кайрат - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қайрат" футбол клубы "Реал Мадридпен" ойынның билетіне қатысты мәлімдеме жасады.

"Әлеуметтік желіде таралып жатқан "Қайрат" — "Реал Мадрид" чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпарат — шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама", - делінген мәлімдемеде.

Билетке қатысты ресми дереккөз — клубтың ресми сайты мен "Қайрат" ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары.

Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ.
"Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеуін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауын қатаң түрде сұраймыз", - деп хабарлады клуб.
"Қайрат" пен "Реал" арасындағы ойын Алматыда 30 қыркүйекте өтеді.
ФК Кайрат перед матчем с Селтиком на выезде  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
"Қайрат" ойындары ел экономикасына шамамен 3 млрд теңге қаржы әкеледі - "Kazakh Tourism"
Жаңалықтар
0