https://sputnik.kz/20250827/qayrat-matchtary-el-ekonomikasyna-shamamen-3-mlrd-tenge-qarzhy-akeledi---kazakh-tourism-56634328.html
"Қайрат" ойындары ел экономикасына шамамен 3 млрд теңге қаржы әкеледі - "Kazakh Tourism"
"Қайрат" ойындары ел экономикасына шамамен 3 млрд теңге қаржы әкеледі - "Kazakh Tourism"
Sputnik Қазақстан
Алматыда өтетін әр матчқа өз командаларын қолдау үшін орта есеппен 1000-ға жуық шетелдік жанкүйер келеді деп күтіліп отыр 27.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-27T18:41+0500
2025-08-27T18:41+0500
2025-08-27T18:58+0500
футбол
алматы
чемпионат
https://sputnik.kz/img/07e9/08/15/56484762_0:0:2560:1441_1920x0_80_0_0_8fccb262cf8d74f256382a39ab4c0f4e.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы Қазақстандағы Чемпиондар лигасы аясындағы халықаралық матчтардың ел экономикасына туристік әсері қандай болатыны туралы айтты.Алдын ала болжамдарға сәйкес "Қайрат" клубының Алматыда өткізетін 4 матчына 4 мыңнан астам шетелдік мейман келеді деп күтіліп отыр. Бұл еліміздің экономикасына шамамен 3 миллиард теңге көлемінде қаржы әкелуі мүмкін.УЕФА ережелеріне сәйкес елге келген команданың жанкүйерлеріне стадиондағы орындардың 5% көлемінде квота бөлінеді. Алматыда өтетін әр матчқа өз командаларын қолдау үшін орта есеппен 1000-ға жуық шетелдік жанкүйер келеді деп күтіліп отыр, дейді компаниядағылар.Экономикалық пайда негізінен шетелдік туристердің тұру, көлік, тамақтану және өзге де туристік қызметтерге жұмсайтын шығындары арқылы қалыптасады. Орташа есеппен әрбір мейман Қазақстандағы сапары кезінде шамамен 1400 доллар жұмсайды.Еуропаның беделді клубтық турнирінің матчтары туристік және сервистік индустриясы үшін қонақжайлылықтың жоғары деңгейін паш етуге мүмкіндік береді."Kazakh Tourism" мәліметінше, УЕФА Чемпиондар лигасының матчтары 200 астам ел мен аумақта көрсетіледі және жалпы аудиториясы жүздеген миллион көрерменді қамтиды. Бұл - Қазақстанға жер-жаһандағы саяхатшылардың назарын аударуға бірегей мүмкіндік ұсынады.
https://sputnik.kz/20250827/qayrat-chempiondar-ligasynyn-negizgi-kezenine-shyqty-56615680.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/15/56484762_162:0:2437:1706_1920x0_80_0_0_ce21acc91a370f52de5ff0b57181f5a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
футбол, алматы, чемпионат
футбол, алматы, чемпионат
"Қайрат" ойындары ел экономикасына шамамен 3 млрд теңге қаржы әкеледі - "Kazakh Tourism"
18:41 27.08.2025 (жаңартылды: 18:58 27.08.2025) Алматыда өтетін әр матчқа өз командаларын қолдау үшін орта есеппен 1000-ға жуық шетелдік жанкүйер келеді деп күтіліп отыр
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы Қазақстандағы Чемпиондар лигасы аясындағы халықаралық матчтардың ел экономикасына туристік әсері қандай болатыны туралы айтты.
Алдын ала болжамдарға сәйкес "Қайрат" клубының Алматыда өткізетін 4 матчына 4 мыңнан астам шетелдік мейман келеді деп күтіліп отыр. Бұл еліміздің экономикасына шамамен 3 миллиард теңге көлемінде қаржы әкелуі мүмкін.
"Алматының "Қайрат" футбол клубы тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Бұл отандық спорт үшін ғана тарихи жетістік қана емес, Қазақстанның туризм саласына да елеулі серпін береді", - деп жазылған хабарламада.
УЕФА ережелеріне сәйкес елге келген команданың жанкүйерлеріне стадиондағы орындардың 5% көлемінде квота бөлінеді. Алматыда өтетін әр матчқа өз командаларын қолдау үшін орта есеппен 1000-ға жуық шетелдік жанкүйер келеді деп күтіліп отыр, дейді компаниядағылар.
Экономикалық пайда негізінен шетелдік туристердің тұру, көлік, тамақтану және өзге де туристік қызметтерге жұмсайтын шығындары арқылы қалыптасады. Орташа есеппен әрбір мейман Қазақстандағы сапары кезінде шамамен 1400 доллар жұмсайды.
Еуропаның беделді клубтық турнирінің матчтары туристік және сервистік индустриясы үшін қонақжайлылықтың жоғары деңгейін паш етуге мүмкіндік береді.
"Kazakh Tourism" мәліметінше, УЕФА Чемпиондар лигасының матчтары 200 астам ел мен аумақта көрсетіледі және жалпы аудиториясы жүздеген миллион көрерменді қамтиды. Бұл - Қазақстанға жер-жаһандағы саяхатшылардың назарын аударуға бірегей мүмкіндік ұсынады.