Атырауда автобус жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып кетті

© Photo : Астанадағы №1 автобус паркіҚос аяғынан айырылған қызға өмір бойы көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады
Қос аяғынан айырылған қызға өмір бойы көмек көрсетіледі деген ақпарат тарады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Атырауда автобус жүргізушісі 10 жастағы баланы қағып өлтірді, деп хабарлайды AtyrauPress.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, 30 тамыз сағат 13:30 шамасында Тасқала ықшам ауданында қайғылы жол апаты болды. Автобус аялдамасының жанында 2015 жылы туған жасөспірім жолды кесіп өтпек болған сәтте көлік астына түсіп қалды.
Дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан бала жедел жәрдем көлігінде алған жарақатынан көз жұмды.
Полиция тұрғындарды жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен өту қажеттігін, көлік жүретін аумаққа жақындағанда барынша сақ болуды, ал жүргізушілер аялдамалар мен тұрғын үй аумақтарының маңында жылдамдықты міндетті түрде төмендетуі тиіс екенін ескертеді.
Абай облысының Үржар ауданында ЖКО-дан зардап шеккен балаларға бүгінгі таңда барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Бестеректегі трагедия: қаза болған екі бала ата-әжесіне қонаққа барған
Жаңалықтар
0