https://sputnik.kz/20250820/urzhar-audanynda-kolik-qagyp-koz-zhumgan-balalar-ata-azhesine-qonaqqa-kelgen-56464643.html
Бестеректегі трагедия: қаза болған екі бала ата-әжесіне қонаққа барған
Бестеректегі трагедия: қаза болған екі бала ата-әжесіне қонаққа барған
Sputnik Қазақстан
Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан зардап шеккендер екі отбасының балалары 20.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-20T11:25+0500
2025-08-20T11:25+0500
2025-08-20T12:42+0500
абай облысы
жол апаты
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56463447_0:379:720:784_1920x0_80_0_0_b962852eb85b6d63efa4d8e369fe8b00.jpg
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Абай облысының Үржар ауданында көлік соғып қайтыс болған үш баланың екеуі басқа ауылдан ата-әжесіне қонаққа келген, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.Қайғылы оқиға салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алып жатыр, дейді әкімдіктегілер.Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріліп жатыр.Қазір оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.Еске салайық, Абай облысы Үржар ауданында "Тойота" көлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан 10 метр жерде қақпаның жанында ойнап жүрген балаларды соқты. Салдарынан үш бала қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін қорғаныс министрлігінің әскери авиация ұшағының бортымен Абай облысына медициналық бригада жіберілді. Оның құрамында нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар.
https://sputnik.kz/20250820/qan-ketu-toqtatyldy-ministrlik-abay-oblysynda-kolik-qaqqan-ush-balanyn-zhagdayymen-bolisti-56463767.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/14/56463447_0:317:720:857_1920x0_80_0_0_940e9e6d51f8bfc83bcb867cd89ae03d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
абай облысы, жол апаты, дәрігер
абай облысы, жол апаты, дәрігер
Бестеректегі трагедия: қаза болған екі бала ата-әжесіне қонаққа барған
11:25 20.08.2025 (жаңартылды: 12:42 20.08.2025) Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан зардап шеккендер екі отбасының балалары
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Абай облысының Үржар ауданында көлік соғып қайтыс болған үш баланың екеуі басқа ауылдан ата-әжесіне қонаққа келген, деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қайғылы оқиға салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ 6-9 жас аралығындағы тағы үш бала жарақат алып, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алып жатыр, дейді әкімдіктегілер.
"Белгілі болғандай, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан екені белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріліп жатыр.
Қазір оқиға орнында облыс әкімінің орынбасарының үйлестіруімен арнайы жұмыс тобы құрылған. Жағдай облыс басшылығының ерекше бақылауында.
Еске салайық, Абай облысы Үржар ауданында "Тойота" көлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан 10 метр жерде қақпаның жанында ойнап жүрген
балаларды соқты. Салдарынан үш бала қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін қорғаныс министрлігінің әскери авиация ұшағының бортымен Абай облысына медициналық бригада жіберілді. Оның құрамында нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар.