Қан кету тоқтатылды: министрлік Абай облысында көлік қаққан 3 баланың жағдайы туралы айтты

Абай облысының Үржар ауданында ЖКО-дан зардап шеккен балаларға бүгінгі таңда барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр
Абай облысының Үржар ауданында ЖКО-дан зардап шеккен балаларға бүгінгі таңда барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2025
Жазылу
Балаларға бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған
АСТАНА, 20 тамыз – Sputnik. Абай облысының Үржар ауданында жол апатынан зардап шеккен балаларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Стационарда зардап шеккен үш бала бар, олардың біреуінің жағдайы өте ауыр, қалған екеуі тұрақты ауыр деп бағалануда.
"Балаларға бассүйек-ми жарақаттары, тірек-қимыл аппараты мен ішкі ағзалардың жарақаттары диагнозы қойылған. Балалардың жағдайы тұрақталғаннан кейін оларды Астанаға әуе бортымен тасымалдау мәселесі шешілетін болады", - деп жазылған хабарламада.
Пациенттердің біріне дәрігерлер бригадасы қазір миға күрделі нейрохирургиялық операция жасап жатыр, ішкі ағзалардан қан кету тоқтатылды.
Еске салайық, Абай облысы Үржар ауданында "Тойота" көлігінің 55 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан 10 метр жерде қақпаның жанында ойнап жүрген балаларды соқты. Салдарынан үш бала қаза тапты, тағы үшеуі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету үшін қорғаныс министрлігінің әскери авиация ұшағының бортымен Абай облысына дәрігерлер бригадасы жіберілді. Оның құрамында нейрохирург, травматолог және реаниматолог бар.
Мобильный комплекс Sergek на машине Скорой медпомощи в Кокшетау - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
Ақтауда жедел жәрдем көлігі жол апатына түсті
Жаңалықтар
0