Алматыда магистральдық көшелерді жөндеу жұмыстары аяқталды

© Sputnik/Ертай СарбасовВиды Алматы
Виды Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Алматыда магистральдық көшелерді орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа оқу жылына дейін 40 шақырым болатын 15 магистральдық көше жөнделді. Соның ішінде Қабанбай батыр, Қажымұқан, Жұбанов, Ұлықбек, Майлин, Бұқтырма, Мөңке би, Бекмаханов, Дулати, Серкебаев, Жароков, Төле би, Бөгенбай батыр, Тілендиев көшелері және Назарбаев даңғылы бар.
"Сондай-ақ, ұзындығы 117 шақырым болатын аудандық маңызы бар 123 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық және жергілікті маңызы бар ұзындығы 120 шақырым болатын 188 көшеде жөндеу жұмыстары жалғасуда, олардың 60% -дан астамы қыркүйек айында, қалғаны қазан айының 20-сында аяқталады", - делінген ресми хабарламада.
Осылайша, биыл 326 көше орташа жөндеумен қамтылады. Ал Шұғыла, Алғабас, Ақжар, Боралдай, Жас Қанат, Рахат-Мәдениет шағын аудандарында жаңа жолдар салынып жатыр.
Қарасу автокөлік өткізу бекет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Шекарадағы он автокөлік өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары басталды
Жаңалықтар
0