Шекарадағы он автокөлік өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары басталды

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметі"Қарасу" автокөлік өткізу бекет
Қарасу автокөлік өткізу бекет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. ЕАЭО елдерімен шекарадағы он автокөлік өткізу бекетінде жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Премьер-министр Олжас Бектенов Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында мемлекеттік шекарадағы "Қордай" және "Қарасу" автокөлік өткізу бекеттерінде болып, өткізу пункттерінің инфрақұрылымымен, проблемаларымен және одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.
© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіОлжас Бектенов шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын тексерді
Қарасу автокөлік өткізу бекет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2025
Олжас Бектенов шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын тексерді
ЕАЭО елдерімен шекарада 39 автокөлік өткізу пункті орналасқан. Олардың екеуінде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жаңғырту он пунктте, оның ішінде Қазақстан–Ресей шекарасында басталды. Реконструкциялау жұмыстарымен басқа да өткізу пункттері қамтылады.
"Қордай" АӨБ-те бұған дейін жүргізілген реконструкция нәтижесінде қозғалыс жолақтарының саны 4-тен 8-ге, төлқұжаттық қадағалау кабиналарының саны 20-дан 40-қа дейін артты. Өткізу қабілеті жолаушылар ағыны бойынша 4 есеге, автокөлік бойынша 2,7 есеге өсті", - деп жазылған хабарламада.
"Қарасу" пункті бойынша жаңғырту жұмыстары басталды, бұл өткізу қабілетін тәулігіне 700-ден 2 мыңнан астам көлік құралына дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүк ағыны мен көлік қозғалысын жақсарту үшін де жағдайлар жасалмақ. Жоба шекараның өткізу инфрақұрылымын қазіргі заманғы талаптарға сай ұлғайтуға бағытталған.
© Photo : Пресс-служба премьер-министра Казахстана

Олжас Бектенов шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын тексерді

Олжас Бектенов шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жұмыстарын тексерді - Sputnik Қазақстан
1/4

2/4

3/4

4/4

Премьер-министр шекара нысандары трансшекаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды рөл атқаратынын және халықаралық автомобиль және жолаушылар қатынасын қамтамасыз ететінін атап өтті.
"Олжас Бектенов жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ рәсімдеу жұмыстарын жеделдету бойынша цифрлық технологияларды енгізуді жандандыруды тапсырды", - деп атап өтті үкіметтің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ азаматтар мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жайлылықты арттыру мақсатында жағдай жасау жөнінде бірқатар тапсырма берілді.
Жаңалықтар
0