https://sputnik.kz/20250830/qazaqstandyqtar-zhii-satyp-alatyn-dari-darmekter-qanday-56706415.html
Қазақстандықтар қандай дәрі-дәрмекті жиі сатып алады
Қазақстандықтар қандай дәрі-дәрмекті жиі сатып алады
Sputnik Қазақстан
Тамыз айында дәріханаларда ацетилсалицил қышқылы (4,29 миллион қаптама) көп сатылды 30.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-30T13:50+0500
2025-08-30T13:50+0500
2025-08-30T14:02+0500
дәрі-дәрмек
сату
аспирин
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827686_0:104:911:616_1920x0_80_0_0_1c9e11bddfe1f83aa9b41d6d1a8fdce9.jpg
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанда дәріханалар арқылы жиі сатылатын дәрі-дәрмектердің тізімі жарияланды , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан."Tañba" бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы таратқан мәліметке сәйкес, дәріхана сөрелерінде таңбаланған препараттардың үлесі 65 процентті құрайды.Тамыз айында дәріханаларда ацетилсалицил қышқылы (4,29 миллион қаптама) көп сатылды. Одан кейін этил спирті (4 млн) және парацетамол (3,64 млн) тұр."Дегенмен, этил спирті әртүрлі нысандарда ТОП-10-ға екі бірдей позициямен кірді. 2-орында 4 млн қаптамамен және 8-орында "Этил спирті-DF" түрінде 1,45 млн қаптама. Жалпы алғанда, этил спирті 5,45 миллион қаптама көлемімен абсолютті көшбасшы болып отыр", - делінген ресми хабарламада.Дәрі-дәрмектің басым бөлігі Алматыда (21 миллионнан астам қаптама) сатылады. Сосын Қарағанды облысы (12 миллион) мен Шымкентте (11 миллионнан астам қаптама) сауда қызып тұр.Айта кетері, Қазақстанда барлық дәрі-дәрмекке міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген болатын. Жүйе әрбір қаптамаға қойылатын бірегей Data Matrix кодтарының арқасында дәрінің өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатылғанға дейінгі толық циклін бақылауға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250721/elimizde-dari-darmek-ondirisi-22-ga-artty--ministrlik-55825784.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827686_0:19:911:702_1920x0_80_0_0_2aab4fa3aa90b75d2bdc07d904ec146d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрі-дәрмек, сату, аспирин
дәрі-дәрмек, сату, аспирин
Қазақстандықтар қандай дәрі-дәрмекті жиі сатып алады
13:50 30.08.2025 (жаңартылды: 14:02 30.08.2025) Тамыз айында дәріханаларда ацетилсалицил қышқылы (4,29 миллион қаптама) көп сатылды
АСТАНА, 30 тамыз – Sputnik. Қазақстанда дәріханалар арқылы жиі сатылатын дәрі-дәрмектердің тізімі жарияланды , деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
"Tañba" бірыңғай тауарларды таңбалау және қадағалау операторы таратқан мәліметке сәйкес, дәріхана сөрелерінде таңбаланған препараттардың үлесі 65 процентті құрайды.
"Қазақстандықтар дәріханалардан күніне жарты миллионнан астам таңбаланған дәрі-дәрмек сатып алады. Мысалы, 2025 жылдың 26 тамызындағы жағдай бойынша елімізде 588 мың қаптама дәрі-дәрмек сатылған. Жалпы тамыз айында күндік сатылым динамикасы 480 мыңнан 588 мыңға дейінгі аралықта болған", - дейді мамандар.
Тамыз айында дәріханаларда ацетилсалицил қышқылы (4,29 миллион қаптама) көп сатылды. Одан кейін этил спирті (4 млн) және парацетамол (3,64 млн) тұр.
"Дегенмен, этил спирті әртүрлі нысандарда ТОП-10-ға екі бірдей позициямен кірді. 2-орында 4 млн қаптамамен және 8-орында "Этил спирті-DF" түрінде 1,45 млн қаптама. Жалпы алғанда, этил спирті 5,45 миллион қаптама көлемімен абсолютті көшбасшы болып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Дәрі-дәрмектің басым бөлігі Алматыда (21 миллионнан астам қаптама) сатылады. Сосын Қарағанды облысы (12 миллион) мен Шымкентте (11 миллионнан астам қаптама) сауда қызып тұр.
Айта кетері, Қазақстанда барлық дәрі-дәрмекке міндетті цифрлық таңбалау және қадағалау 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізілген болатын. Жүйе әрбір қаптамаға қойылатын бірегей Data Matrix кодтарының арқасында дәрінің өндірістен бастап соңғы тұтынушыға сатылғанға дейінгі толық циклін бақылауға мүмкіндік береді.