Түркістанда 4 мың шаршы метрді құрайтын спорт кешені пайдалануға берілді

© Photo : Түркістан облысы әкімдігіТүркістанда спорт мектебі ашылды
Түркістанда спорт мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Қазіргі таңда қалада бұдан 4 кешені салынып жатыр
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Конституция күніне орай Түркістанда боксшы Әбдісалан Нұрмаханов атындағы спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл туралы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, спортшылар және спорт ардагерлері қатысты.
© Photo : Түркістан облысы әкімдігіТүркістанда спорт мектебі ашылды
Түркістанда спорт мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Түркістанда спорт мектебі ашылды
"Бұл нысан – жастарымыздың денсаулығын нығайтып, спортқа деген қызығушылығын арттыруға, кәсіби спортшыларымыздың дайындық сапасын көтеруге бағытталған маңызды жоба. Осы жаңа кешеннен талай чемпиондар шығып, өңіріміздің атын дүние жүзіне танытады деп сенемін", – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.
Жалпы аумағы 4000 шаршы метрді құрайтын ️ғимарат заманауи талаптарға сай салынған.
Қазіргі таңда қалада бұдан өзге спорттың күрес, бокс түрлеріне арналған 4 кешен – Мақатаев көшесінде, Бекзат мөлтек ауданында, Теріскей көшесінде және Баянауыл аумағында салынып жатыр.
️Айта кетейік, Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері шаһарда "Түркістан-Арена" стадионы, "Olympic Center" спорт кешені, "Теннис орталығы", "Мұз сарайы" ғимараттары пайдалануға берілген.
Қазіргі таңда ескек есу каналы мен халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы жүргізіліп жатыр.
Ақмола облысының Зеренді ауылында балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебі ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Қайтарылған активтер: Зерендіде спорт мектебі ашылды
Жаңалықтар
0