"QazaqGaz" компаниясының басқарма төрағасы тағайындалды

© Photo : "Самұрық-Қазына" АҚӘлібек Жамауов "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
Әлібек Жамауов QazaqGaz ҰК АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Жамауов бұған дейін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болды
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Әлібек Жамауов "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі.
"Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов ұлттық компания ұжымына жаңа басшыны таныстырды.
Жамауов бұған дейін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болған.
Әлібек Жамауов 1981 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы "Agip Kazakhstan Caspian Operating" компаниясында кіші кеңесші ретінде бастады.
2006-2009 жылдары аталған компанияда кеңесші, супервайзер қызметтерін атқарған.
2009-2015 жылдары — "Жамбыл Петролеум" ЖШС менеджері.
2015-2019 жылдары — "Жамбыл Петролеум" ЖШС атқарушы директоры.
2019-2020 жылдары — "PSA" ЖШС техникалық тобының жетекшісі, 2020-2023 жылдары - бас директордың орынбасары қызметін атқарды.
газдандыру - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2025
Қазақстан Түрікменстанның ірі газ кен орнын игеруге қатыспақ
Жаңалықтар
0