https://sputnik.kz/20250805/qazaqstan-turikmenstannyn-iri-gaz-ken-ornyn-igeruge-qatyspaq-56174739.html
Қазақстан Түрікменстанның ірі газ кен орнын игеруге қатыспақ
Қазақстан Түрікменстанның ірі газ кен орнын игеруге қатыспақ
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан Түрікменстанның ең ірі "Галкыныш" газ кен орнын игеруге қатысуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан мен Түрікменстанның жұмыс... 05.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-05T16:48+0500
2025-08-05T16:48+0500
2025-08-05T16:48+0500
газ
түрікменстан
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53487750_0:66:1281:786_1920x0_80_0_0_4314b3100a0d3f622ad41a09ec09af62.jpg
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан Түрікменстанның ең ірі "Галкыныш" газ кен орнын игеруге қатысуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан мен Түрікменстанның жұмыс кездесуінде сөз болды, деп хабарлайды "QazaqGaz" ұлттық холдингі.Келіссөздер Тоқаевтың БҰҰ-ның дамушы елдер бойынша үшінші конференциясы аясында өтті.Түрікмен тарапынан Түркіменстанның вице-премьері Батыр Аманов пен Түрікменстан президентінің мұнай-газ мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әшірғұлы Беглиев қатысты. Қазақстандық делегацияда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев болды."Кездесуге қатысушылар шетелдік инвестордың қатысуымен Түрікменстанның Галкыныш ірі газ кен орнын игеру жобасына Қазақстанның қатысу перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.Тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің стратегиялық маңыздылығын талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
https://sputnik.kz/20250726/taldyqorgan---usharal-gaz-qubyrynyn-qurylysy-merziminen-buryn-ayaqtalady-55965113.html
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0d/53487750_72:0:1208:852_1920x0_80_0_0_e0089fef3762e4d9cface041e3e59ec4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, түрікменстан
Қазақстан Түрікменстанның ірі газ кен орнын игеруге қатыспақ
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан Түрікменстанның ең ірі "Галкыныш" газ кен орнын игеруге қатысуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан мен Түрікменстанның жұмыс кездесуінде сөз болды, деп хабарлайды "QazaqGaz" ұлттық холдингі.
Келіссөздер Тоқаевтың БҰҰ-ның дамушы елдер бойынша үшінші конференциясы аясында өтті.
Түрікмен тарапынан Түркіменстанның вице-премьері Батыр Аманов пен Түрікменстан президентінің мұнай-газ мәселелері жөніндегі кеңесшісі Әшірғұлы Беглиев қатысты. Қазақстандық делегацияда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев, "QazaqGaz" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов және Қазақстан Республикасының Түркіменстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Нұрлан Ноғаев болды.
"Кездесуге қатысушылар шетелдік инвестордың қатысуымен Түрікменстанның Галкыныш ірі газ кен орнын игеру жобасына Қазақстанның қатысу перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.
Тараптар газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудің стратегиялық маңыздылығын талқылап, бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.