"Талдықорған - Үшарал" газ құбырының құрылысы мерзімінен бұрын аяқталады

Газопровод - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2025
Жазылу
Оның құрылысын аяқтау мерзімі 2026 жылдың соңы деп белгіленген болатын. Бірақ ол осы жылдың қыркүйек айында аяқталады деп жоспарланып отыр
АСТАНА, 26 шілде - Sputnik. "Талдықорған - Үшарал" магистралды газ құбырының құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айында толық аяқталады. Нәтижесінде Жетісу облысының Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 84 елді мекен табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Былтыр премьер-министрдің Жетісу облысына сапары кезінде "Талдықорған - Үшарал" магистралды газ құбырының құрылысы басталған болатын.
"Интергаз Центральная Азия" АҚ Алматы филиалы магистралды газ құбыры басқармасының директоры Руслан Сүйіндіковтің айтуынша, магистралды газ құбырының ұзындығы – 302,4 км, диаметрі 530 мм. Желінің бойында 6 автоматтандырылған газ тарату станциялары салынып жатыр. Станциялардағы құрылыс жұмыстары 80 %-ға аяқталған.
"Магистралды газ құбыры құрылысын аяқтау мерзімі 2026 жылдың соңы деп белгіленген болатын. Дегенмен жобаның әлеуметтік маңыздылығын ескеріп, оған күш жұмылдырудың арқасында мерзімінен 1 жыл 4 ай бұрын, яғни алдағы қыркүйек айында аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Аталған жобаны іске асыру нәтижесінде 84 елді мекен көгілдір отынмен қамтылып, 440 мыңдай тұрғын газға қосылуға мүмкіндік алады", - деді Руслан Сүйіндіков.
Айтуынша, қазір аудан әкімдігімен бірге автоматты газ тарату стансасынан елді мекендерге газ құбырын тарту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. Бұдан соң елді мекендерге көгілдір отын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады.
Премьер-министр Казахстана Олжас Бектенов в рамках рабочей поездки в область Жетісу - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2024
Бектенов реконструкциядан өткен Үшарал әуежайының жұмысымен танысты
Жаңалықтар
0