Қараусыз қалған "Көшпенділер қалашығы" Қонаев әкімдігіне қайтарылды

© Photo : Қонаев қаласы әкімдігіҚараусыз қалған "Көшпенділер қалашығы" Қонаев әкімдігіне қайтарылды
Қараусыз қалған Көшпенділер қалашығы Қонаев әкімдігіне қайтарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Жазылу
Алдағы уақытта бұл аумақты туризм бағытында дамыту көзделіп отыр
АЛМАТЫ, 29 тамыз - Sputnik. Алматы облысындағы қараусыз қалған "Көшпенділер қалашығы" Қонаев қаласының меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін нысанға Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" Ұлттық киностудиясы иелік еткен.
"Қазіргі таңда қалашық ескіріп, кейбір жабдықтары сынып, бастапқы келбетін жоғалтқан. Бірнеше келіссөздер жүргізу нәтижесінде киностудия декорациялық кешенді Қонаев қаласына сыйға тарту шартымен өткізіп берді", - дейді ведомство.
Бұл нысанның аумағы 5,8 гектар, Іле өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Баланстық құны – 15 402 000 теңге. Қалалық мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімінің мәліметінше, енді қалашық ТҮКШ бөліміне қарасты болады. Алдағы уақытта бұл аумақты туризм бағытында дамыту көзделіп отыр. Сондай-ақ оны күтіп ұстауға, жөндеу жасауға бюджеттен қаржы қарастырылады.
© Photo : Қонаев қаласының әкімдігіҚараусыз қалған "Көшпенділер қалашығы" Қонаев әкімдігіне қайтарылды
Қараусыз қалған Көшпенділер қалашығы Қонаев әкімшілігіне қайтарылды   - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2025
Қараусыз қалған "Көшпенділер қалашығы" Қонаев әкімдігіне қайтарылды
"Қалашыққа апаратын күре жол салынып жатыр. Жолдың ұзындығы – 7 шақырымға жуық. Жоба бойынша қосымша электр желілерін тарту, автотұрақ салу, жол бойын жарықтандыру қарастырылған", - дейді Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құрылысқа 41 адам және 24 техника тартылған.
Айта кетейік, 2001 жылы "Көшпенділер" фильмін түсіру үшін салынған бұл қалашықтың құрылысына 1 млн доллар жұмсалған.
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Қараусыз малдың қорасына айналып барады: "Көшпенділер" қалашығының бүгінгі күйі - фото
Жаңалықтар
0