Қараусыз малдың қорасына айналып барады: "Көшпенділер" қалашығының бүгінгі күйі - фото

© Айдана ДайыроваКөшпенділер қалашығы
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматыдан 90 шақырым жерде орналасқан "Көшпенділер" қалашығы алыстан көз тартады. Қорған аумағына табаны тиген адам өзін бейне бір орта ғасырға тап болғандай сезінеді. Дәл осе жерде танымал "Көшпенділер" фильмі түсірілген. Қалашық сол фильмнің декорациясы ретінде тұрғызылғанын біреу білсе, біреу білмес.
Содан бері де 20 жылға жуық уақыт өтіпті. Бір кезде ат дүбірі естілген аймақ қараусыз малдың қорасына айналып барады. Көшпенділер қалашығынан сән кеткен... Ал бір кезде қалай еді?

Құрылысына 1 млн доллар жұмсалды

Қала тұрғызатын орынды бірнеше айлап іздегендердің бірі – кинорежиссер, өнертану профессоры, Қазақстанның халық әртісі Талғат Теменов.
"Көшпенділер" фильмін түсіру 2001 жылдан басталды. Қалашық 6 ай дайындалды. Кино түсіру құрамы қалашық тұрғызатын жер іздеп бірнеше айлап жүрдік. Біздің ойымыздағы жер, электр бағаналары, замануи жол, телеграф бағандары жоқ, қасында өзені мен қыраты бар Қапшағай маңы таңдалды. Іленің беті айнадай жарқырап жатыр. Балықшыдан басқаның аяғы баспаған, сирек кездесетін шөбі қалың жер деп қазіргі қалашық тұрғызылған орынды таңдадық", - дейді Талғат Теменов.
Оннан астам түсіру тобының көңілінен шыққан жерде қалашықтың құрылысы басталып кеткен.
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
1/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
2/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
3/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
"Суретшілер Түркістанға келіп, Түркістанның керегесіне қаланған, бірақ сынған жарты кірпішті сұрап алдық. Сол сынық кірпішке қарап декорацияны қалап шықтық. Ал қалашықтың қақпасы, басқа да барлық ою-өрнектер Түркістан қалашығына қарап салынды. Бұл қалашықтың жанынан кедей-кепшіктің үйі ретінде 20 үй тұрғызылды. Өте бір ғажап декорация болды, сол кездегі бағамен 1 млн долларға салынды. Бұл қаражат мұндай декорация үшін өте арзан боп есептелді", - дейді Талғат Досымғалиұлы.
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
1/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
2/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
3/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
Талай суртешінің шығармасына туынды болған қалашық саяхаттап келушілерді күні бүгінге дейін тамсандырады. Кино түсіріліп біткен соң қалашықты бұзбау туралы шешім қабылданған.

"Ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті"

"2014 жылы "Сіз кімсіз, КА мырза?" деген киноны түсірген кезде бардым. Әрбір шегесіне ат салысқан қалашықты көріп, қарным ашып, көңілім құлазыды. Тамаша декорацияның быт-шытын шығарған. Жаңбыр мен желден әбден тозған, арендаға алған адамдардың бәрі қарамаған, тек қана ақша табу үшін ғана пайдаланған. Қалашық салынғалы 20 жыл болды. Содан бері "Көшпенділер" қалашығында ең жоқ дегенде 70-80 кино, 200-ден астам клип түсірілді. Керемет өнер туындысы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, жанашыр адам болған жоқ", - дейді Талғат Теменов.
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
1/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
2/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
3/4
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
Қолдан қолға өтіп, нақты иесі табылмаған қалашықтың күйісі кетіп тұр.
"Арақ ішетіндер де барады, мал да жайылып жүр. Кішкентай дүниеміз қор болды. Мысалы Белоруссияда соғыс кезінде қалған "Беларусь" фильмінің қарамағындағы декорацияны тамашалайтын саяхатшылар көп. Мұндай декорациялар 1930-1940 жылдары салынған, әлі күнге сол қалпында тұр. "Мосфильмде де" тұр. Салынған қалашықтар, ғимараттар, кварталдар бұзылмаған. Барған адамның барлығы ақша төлейді. Туристер, студенттер ағылып жатыр. Ал біз бір ғана "Көшпенділер" қалашығын сақтап қалуға мұршамыз жоқ, бұл мәселені қанша айтқанымызбен еститін құлақ болмай тұр", - дейді өнертану профессоры.
"Көшпенділер" қалашығы жылқы үйездейтін жерге айналған. Қалашықтың маңындағы талай декорация қирап кеткен.
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
1/6
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
2/6
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
3/6
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
4/6
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
5/6
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
6/6
1/6
2/6
3/6
4/6
5/6
6/6
"Сол үйлердің ішінде пеш сияқты салынған, от жағамыз деп оны біреулер өртеп жіберген. Қалдан Сереннің бекінісі болған, оны да түк қалдырмаған. "Қамқор болатын, ие болатын адам табылса ғой, шіркін" деп армандаумен жүремін. Еріктілер жер-жерді тазалап жүр, сол қалашықтың маңайын, Іленің жағасын тазаласа ғой. Алматы облысының әкімдігінің құлағына алтын сырға деп айтқым келеді, мына қалашықты аман алып қалсақ", - дейді өнер жанашыры

Қалашық туризм орнына айнала ма

Қалашыққа өтетіндерге темір қақпаны ашып беретін бір ғана адам отыр.
© Айдана ДайыроваКүзетшінің үйі
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Күзетшінің үйі
"Анда-санда кино түсіретіндер болмаса, бұл қалашыққа көп ешкім келмейді. Олар бір нәрселерін тұрғызады, декорацияларды өзгертеміз деп қиратып кетеді. Қалашыққа кіру ақылы емес, тегін кіріп-шыға береді. Қараусыз тұр, қирап бара жатыр. Мен нақты күзетші емеспін, бірақ келген адамдарды кіргізіп, шығарып тұрамын. Таңертең келемін, кешке кетемін", - дейді атын жасырған күзетші.
Оның айтуынша, жақында ғана қалашыққа ешкімді кіргізбеу туралы тапсырма беріліпті. Өйткені жөндеу жұмыстары жасалуы мүмкін дейді.
Қонаев қаласының әкімдігі "Көшпенділер" қалашығының мән-жайын көзбен көріп, бақылауға алды.
"Осы қалашықты туристер баратын арнайы орын жасасақ па деген ой бар, бірақ әзірше нақты шешім шығарылған жоқ. Жақында барып, жолын, жағдайын көріп қайттық. Нақты қаражат бөлініп, жоспарға енгізілген жоқ. Сол себепті мәселенің басы шешілмей жатып, қалашықты қалпына келтіру туралы дабыра етіп айтуды жөн көрмедік", - дейді Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ақерке Жұмағазықызы.
Төбесіне қарасаң басыңдағы қалпағың жерге түсетін қалашықтың жағдайы мүшкіл. Айна қатесіз жасалған тас диірмен, жәрмеңке өтетін жер, тастан қаланған құдық жермен-жексен болып барады. Қалашықтың қираған тұстары жетіп артылады.
2021-2022 жылы тарихи қалашыққа кіру ақылы болса, қазір тіпті кіру құны да керек болмай қалған.
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
1/2
© Айдана Дайырова
Көшпенділер қалашығы - Sputnik Қазақстан
2/2
1/2
2/2
Ал “Көшпенділер” қалашығында тағы бір тарихи кино түсіріліп жатыр. Қалашық қирап тұрса да қазақтың тағы бір тарихи шығармасына арқау болады.
Жаңалықтар
0