https://sputnik.kz/20250829/elektromobilder-qazaqstanda-tirkelgen-avtokolikterdin-1-payyzyna-da-zhetpeydi-56650428.html
Электромобильдер Қазақстанда тіркелген автокөліктердің 1 пайызына да жетпейді
Электромобильдер Қазақстанда тіркелген автокөліктердің 1 пайызына да жетпейді
Sputnik Қазақстан
Биыл тіркелген автокөліктердің 88%-ы бензинмен жүреді 29.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-29T08:28+0500
2025-08-29T08:28+0500
2025-08-29T08:28+0500
электромобиль
қазақстан
https://sputnik.kz/img/253/74/2537460_0:42:1024:618_1920x0_80_0_0_b81f82639c5f48e970ff61f141bd37c8.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 925,8 мың жеңіл автокөлік тіркелді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға артық, деп жазды Energyprom.kz.Оның 88%-ы бензинмен жүреді – 814,9 мың көлік. Ал 14,1 мың көлікке дизель қозғалтқыш орнатылған. Сондай-ақ 6,9 мың электромобиль тіркелді, бұл жалпы көлемнің 0,7% құрады.Газ баллон отынымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 32,1%-ға өсіп, 3,9 мыңға дейін жеткен.Аралас отынмен (бензин, газ баллонды отын және электр энергиясы) жүретін тіркелген жеңіл автокөліктер саны 6,3%-ға, 75 мыңға дейін азайды.2025 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген электромобильдердің саны бойынша Қытай көш бастады: жалпы көлемнің 57%-ы. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания, Швейцария және Норвегиямен қоса алғанда Еуроодақ елдері (22%), АҚШ (12%), Үндістан (1,7%), Оңтүстік Корея (1,2%) және Түркия (1,1%) тұр. Ал қалған елдер бірігіп тіркелген электромобильдердің 5 пайызын ғана құрады.
https://sputnik.kz/20250619/qytay-kompaniyasy-qazaqstanda-elektromobil-shygaruga-qyzygushylyq-tanytty-54860327.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/253/74/2537460_74:0:951:658_1920x0_80_0_0_bcb239ec28be5a4779ef2fc4c6fc515d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
электромобиль, қазақстан
Электромобильдер Қазақстанда тіркелген автокөліктердің 1 пайызына да жетпейді
Биыл тіркелген автокөліктердің 88%-ы бензинмен жүреді
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 925,8 мың жеңіл автокөлік тіркелді, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,3%-ға артық, деп жазды
Energyprom.kz. Оның 88%-ы бензинмен жүреді – 814,9 мың көлік. Ал 14,1 мың көлікке дизель қозғалтқыш орнатылған. Сондай-ақ 6,9 мың электромобиль тіркелді, бұл жалпы көлемнің 0,7% құрады.
Газ баллон отынымен жүретін жеңіл автокөліктер саны 32,1%-ға өсіп, 3,9 мыңға дейін жеткен.
Аралас отынмен (бензин, газ баллонды отын және электр энергиясы) жүретін тіркелген жеңіл автокөліктер саны 6,3%-ға, 75 мыңға дейін азайды.
"Нәтижесінде биыл есепке қойылғандарды қоса есептегенде, тіркелген электромобильдердің саны 78,7%-ға өсіп, 19,1 мыңға жетті", - деп жазылған хабарламада.
2025 жылдың бірінші тоқсанында тіркелген электромобильдердің саны бойынша Қытай көш бастады: жалпы көлемнің 57%-ы. Одан кейінгі орындарда Ұлыбритания, Швейцария және Норвегиямен қоса алғанда Еуроодақ елдері (22%), АҚШ (12%), Үндістан (1,7%), Оңтүстік Корея (1,2%) және Түркия (1,1%) тұр. Ал қалған елдер бірігіп тіркелген электромобильдердің 5 пайызын ғана құрады.