Жетісуда төрт кәсіпорын балық өнімдерін Еуропаға заңсыз сатқан

© Sputnik / Егор Еремов / Медиабанкке өтуОтлов рыбы
Отлов рыбы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Одан келген шығын 80 миллиард теңгеден асып отыр
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында балық өнімдерін Еуропаға сатқан кәсіпорындардың заңсыз әрекеті анықталды. Одан келген шығын 80 миллиард теңгеден асып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бас прокуратураға сілтеме жасап.
Облыста балық шаруашылығы субъектілері 20-дан астам еншілес кәсіпорын құрып, олар арқылы балық өнімдерін шетелге экспорттаған. Ал еншілес компанияларда бекітілген су қоймалары, тіпті, балық аулауға квота мен экспортқа рұқсат болмаған.
"Мысалы, 270 тоннаға лимит алған серіктестіктердің бірі іс жүзінде 4 920 тонна балық экспорттады, бұл лимиттен 18 есе көп. Оның 2 096 тоннасы еншілес компаниялар арқылы экспортталған", - дейді прокурорлар.
Тексеріс бойынша 4 балық аулау субъектісі мен олардың еншілес компанияларының заңсыз әрекетінен келген шығын көлемі 80 миллиард теңгеден асты. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 234-бабы (экономикалық контрабанда) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 Региональная программа развития рыбного хозяйства - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.02.2025
Қызылордада жылына 4 мың тонна балық өнімі шығарылады
Жаңалықтар
0