https://sputnik.kz/20250223/qyzylordada-zhylyna-4-myn-tonna-balyq-onimi-shygarylady-51110293.html
Қызылордада жылына 4 мың тонна балық өнімі шығарылады
Қызылордада жылына 4 мың тонна балық өнімі шығарылады
Sputnik Қазақстан
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды 23.02.2025, Sputnik Қазақстан
2025-02-23T14:36+0500
2025-02-23T14:36+0500
2025-02-23T14:36+0500
балық
балық шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1a/37013096_0:96:1227:786_1920x0_80_0_0_59143361ef98671e3854ef9e2920f6f8.jpg
АЛМАТЫ, 23 ақпан - Sputnik. Қызылордада "АРАЛ SEA FOOD" ЖШС-де балық зауытында терең өңдеу технологиялары енгізілуде. Нәтижесінде жылына 4 мың тонна балық филесі өндіріледі, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды.Облыста 2023 жылдан бастап "Жұмабай" ШҚ тұқы балық түрлерін өсіру үшін сумен жабдықтаудың тұйық жүйесін енгізуде. Іске қосылғаннан кейін ішкі нарыққа жылына 200 тоннадан астам сазан мен африкалық сом жеткізіледі.Сондай-ақ "АРАЛ SEA FOOD" ЖШС балық өңдеу зауытында терең өңдеу технологиялары енгізілуде. Мұнда қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық филесін өндіріледі.Вице-министр сондай-ақ Қамыстыбас балық питомнигіне барды, онда 1966 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұқы балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданы 263 га балық өсіретін тоғандарда жыл сайын 15 млн шабақ өсіріледі, олар Кіші Арал теңізіне, Сырдария өзеніне және Қамыстыбас көліне шығарылады.Іс-сапар қорытындысы бойынша балық питомнигін жаңғырту, техниканы жарақтандыру және кәсіпорынның басқа да мәселелерін шешумен айналысатын жұмыс комиссиясын құрылатын болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/07/1a/37013096_26:0:1201:881_1920x0_80_0_0_7ead17c1a05d10c4b9014532ae9ceef2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балық, балық шаруашылығы
Қызылордада жылына 4 мың тонна балық өнімі шығарылады
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды
АЛМАТЫ, 23 ақпан - Sputnik. Қызылордада "АРАЛ SEA FOOD" ЖШС-де балық зауытында терең өңдеу технологиялары енгізілуде. Нәтижесінде жылына 4 мың тонна балық филесі өндіріледі, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Қызылорда облысында жұмыс сапарымен болды.
Облыста 2023 жылдан бастап "Жұмабай" ШҚ тұқы балық түрлерін өсіру үшін сумен жабдықтаудың тұйық жүйесін енгізуде. Іске қосылғаннан кейін ішкі нарыққа жылына 200 тоннадан астам сазан мен африкалық сом жеткізіледі.
"Биыл қуаттылығы 50 тонна тұқы балық түрлерін құрайтын "Бақыт" тоған шаруашылығы пайдалануға беріледі. Былтыр маусымда тоғандарға 4 миллион дана тұқы шабақтары шығарылды, ал қыстайтын тоғандарда қазіргі уақытта орташа салмағы 15-100 грамм болатын 100 мың дана шабақ бар", - делінген министрлік хабарламасында.
Сондай-ақ "АРАЛ SEA FOOD" ЖШС балық өңдеу зауытында терең өңдеу технологиялары енгізілуде. Мұнда қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық филесін өндіріледі.
Вице-министр сондай-ақ Қамыстыбас балық питомнигіне барды, онда 1966 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тұқы балық түрлерінің шабақтарын жасанды өсіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ауданы 263 га балық өсіретін тоғандарда жыл сайын 15 млн шабақ өсіріледі, олар Кіші Арал теңізіне, Сырдария өзеніне және Қамыстыбас көліне шығарылады.
Іс-сапар қорытындысы бойынша балық питомнигін жаңғырту, техниканы жарақтандыру және кәсіпорынның басқа да мәселелерін шешумен айналысатын жұмыс комиссиясын құрылатын болды.