Шымкент мұнай өңдеу зауытында екі жұмысшы көз жұмды

© ИА Новасти-КазахстанШымкент мұнай өңдеу зауыты
Шымкент мұнай өңдеу зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Оқшаулау жұмыстары кезінде автомұнара аударылып кеткен
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Шымкент мұнай зауытында екі жұмысшы автомұнарадан құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"ПетроҚазақстан Ойл Продактс" компаниясы ұсынған мәліметке сәйкес, жазатайым оқиға 26 тамызда түстен кейін болған. Оқшаулау жұмыстары кезінде автомұнара аударылып кеткен. Соның салдарынан екі адам мерт болды.
"Бұл жұмыстарға "КРС Астана" ЖШС тартылған болатын. Қайтыс болған екі оқшаулаушы да сол компанияда жұмыс істеген. Қазіргі арнайы жұмыс тобы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Зауыт штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - дейді компания мамандары.
Айта кетері, биыл ақпан айында Шымкент мұнай зауытында гидротазарту қондырғысын жөндеуге байланысты дизель отынын өндіру тоқтатылған болатын.
Атырауский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 млн тонна мұнай өңделді
Жаңалықтар
0