Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 млн тонна мұнай өңделді

Атырауский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Жазылу
Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш
АСТАНА, 18 тамыз - Sputnik. Мемлекет басшысы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдап, ұлттық компанияның биылғы жеті айда атқарған жұмысының нәтижелері жөнінде есепті тыңдады, деп хабарлайды Ақорда.
© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО НК "КазМунайГаз" Асхата Хасенова
Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО НК КазМунайГаз Асхата Хасенова - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2025
Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления АО НК "КазМунайГаз" Асхата Хасенова
Асхат Хасеновтің айтуынша, биыл қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау үшін жеті ұңғыманы бұрғылау жоспарланып отыр. Оның үшеуі бұрғыланды.
Қытайдың CNOOC компаниясы алғаш рет еліміздегі геологиялық барлау ісіне қаржы құюға шешім қабылдады. Сондай-ақ Sinopec компаниясы Қазақстанға қомақты инвестиция салуға ниетті. Shell, Chevron, British Petroleum трансұлттық корпорациялары Атырау, Ақтөбе және Маңғыстау өңірлеріндегі учаскелерді жан-жақты зерттеуде.
"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы атап өткендей:
Соңғы 7 айда мұнай мен конденсат өндірісінің көлемі 15,3 миллион тоннаны құраған.
Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға жоғары. Ал табиғи және ілеспе газды өндіру көлемі 6,7 миллиард текше метрге жетті, яғни былтырғы жылдың көрсеткішінен 19 пайызға артық.
Батыс Прорва (Атырау облысы), Өріктау (Ақтөбе облысы), Рожков (Батыс Қазақстан облысы) кен орындарында газ өңдеу көлемін ұлғайту жобалары жүзеге асырылып жатыр.
мұнай тасымалдау көлемі 49 миллион тоннаны құраған.
"Қосымша тасымалдау бағыттарын дамыту жұмыстары қолға алынды: жеті айда Әзербайжан бағытына 0,9 миллион тонна, Германияға 1,1 миллион тонна мұнай тасымалданды. Мажарстанға 85 мың тонна көлемінде Қазақстан мұнайының алғашқы партиясы жеткізілді", - деді Хасенов.
Биыл отандық мұнай өңдеу зауыттарында 10,4 миллион тонна мұнай өңделді. Соның ішінде жанар-жағармай өндірісі 7,8 миллион тоннаға жетіп, 936 мың тоннаға ұлғайды. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Сондай-ақа Хасенов Маңғыстау облысындағы Кендірлі зауытында тұшытылған теңіз суы Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне жіберіле бастағанын айтты.
Бұдан бөлек, қуаты 247 МВт болатын гибридті электр стансасының құрылысы жүріп жатыр. Жылына 1 млн 250 мың тонна өнім шығаратын полиэтилен зауыты бой көтеруде. Жоба құны – 7,4 миллиард доллар.
Президент геологиялық барлау және ірі инвестициялық бастамаларды іске асыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруды тапсырды.
 Павлодарский нефтехимический завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Биыл мұнай өңдеу зауыттары 10 млн тоннадан аса мұнай өңдеді
Жаңалықтар
0