Биыл мұнай өңдеу зауыттары 10 млн тоннадан аса мұнай өңдеді

© Photo : Пресс-служба АО "НК "КазМунайГаз" Павлодарский нефтехимический завод
 Павлодарский нефтехимический завод - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2025
Жазылу
Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5%-ке артып, 7 млн 405 мың тоннаны құрады
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. "ҚазМұнайГаздың" мұнай өңдеу зауыттары 10 млн тоннадан аса мұнай өңдеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында көмірсутек шикізатын өңдеудің жалпы көлемі 16,5%-ға өсіп, шамамен 10 млн 375 мың тоннаға жетті (ҚМГ үлесіне).
Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5%-ке артып, 7 млн 405 мың тоннаны құрады. Көрсеткіштің өсуі Павлодар мұнай-химия зауытындағы өңдеу көлемінің ұлғаюына және Шымкент мұнай өңдеу зауытының үздіксіз жұмыс істеуіне байланысты болды.
Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген мұнай өнімдері:
️бензин — 2 млн 332 мың тонна, өсім 14%
️дизель отыны — 2 млн 521 мың тонна, өсім 16,5%.
KMG International мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген мұнай өнімдері:
️бензин — 691 мың тонна, өсім 62,5%
️дизель отыны — 1 млн 170 мың тонна, өсім 38,4%.
Қазақстан және румын зауыттарында мұнай өнімдерін өндіру көлемі 16,9% ұлғайып, 9 млн 685 мың тоннаға жетті.
Атырауский НПЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2025
Қазақстанда алты айда 9 млн тоннаға жуық мұнай өңделді
Жаңалықтар
0