Қонаевта 40-тан астам отбасы баспаналы болды

Қонаевта 40-тан астам отбасы баспаналы болды
Қонаевта 40-тан астам отбасы баспаналы болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Жазылу
Облыс орталығы болғалы аймақта 193 отбасы қоныс тойын тойлады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қонаевта 42 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Жаңа қоныс кілттерін қала әкімі Асхат Бердіханов салтанатты түрде табыстады.
Қонаевта 40-тан астам отбасы баспаналы болды
Қонаевта 40-тан астам отбасы баспаналы болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2025
Қонаевта 40-тан астам отбасы баспаналы болды

"Алдағы жылдары қала бойынша жалпы ауданы 161 мың шаршы метрді құрайтын 72 тұрғын үй салынады. Құрылыстың қарқынды жүруінің арқасында пәтер кезегі жылдам қозғалып, тұрғындар баспаналы болады. Облыс орталығы болғалы аймақта 193 отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде биылдың өзінде 108 пәтер кілті табысталды", - деді әкім.

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін 200 отбасы баспаналы болатынын айтты.
"Бүгін Қарлығаш шағын ауданында 18 жер үй көпбалалы отбасылар, жетім, әлеуметтік осал топтағы азаматтарға беріліп отыр. Бұдан бөлек, 24 пәтер кілті табысталып жатыр. Жалпы саны 42 отбасы бүгін баспаналы болды. Жыл соңына қарай үйлі болатын отбасылардың саны 200-ден асады деп күтіліп отыр" - деді Асхат Бердіханов.
Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Түркістанда 100-ге жуық отбасы баспаналы болды
Жаңалықтар
0