Түркістанда 100-ге жуық отбасы баспаналы болды

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді
Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2025
Жазылу
Облыс әкімінің атынан жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерімен қатар қасиетті домбыра аспабы сыйға тартылды
АСТАНА, 5 шілде – Sputnik. Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді, деп хабарлады аймақ әкімдігінің баспасөз қызметі.
Түркістан қаласындағы "Жібек жолы" тұрғын үй кешенінде үйлердің кезекті құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығы тұрғындарының қуанышымен бөлісіп, 84 отбасыға баспана кілтін табыстады.
"Бүгін қаламыздың тұрғындарына баспаналы болып, жаңа пәтерге қоныстану бақыты бұйырды. Біз баспанамен қамту жұмысын облыстағы барлық аудан, қалада жалғастырамыз. Адам үшін ең керегі – баспана"! – деді Нұралхан Көшеров.
Облыс әкімінің атынан жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттерімен қатар қасиетті домбыра аспабы сыйға тартылды.
Баспана "әлеуметтік осал топ" санаты бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға табысталды. Оның ішінде, 48-і көпбалалы отбасылар болса, "әлсіз топ" санатындағы отбасылар – 36.
Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан қаласының тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат баспанаға мұқтаж ретінде тіркелген. Былтыр 961 отбасы баспанамен қамтамасыз етілсе, биыл 944 пәтерді иелеріне тапсыру жоспарланып отыр
Тұрғын үй кешені - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2025
Баспана кезегіне тұрғандардың мәселесі қалай шешіледі
Жаңалықтар
0