https://sputnik.kz/20250827/qazaqstanga-kelgen-iordaniya-koroli-toqaevqa-orden-tapsyrdy-56624711.html
Қазақстанға келген Иордания королі Тоқаевқа орден тапсырды
Қазақстанға келген Иордания королі Тоқаевқа орден тапсырды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейін Иордания королі ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы елдің "Әл-Нахда" жоғары орденін... 27.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-27T14:52+0500
2025-08-27T14:52+0500
2025-08-27T14:52+0500
иордания
қасым-жомарт тоқаев
орден
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1b/56624546_0:73:1281:793_1920x0_80_0_0_8eee6a954f4a6f240ad5d9d97fa43fd2.jpg
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейін Иордания королі ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы елдің "Әл-Нахда" жоғары орденін тапсырды, деп хабарлады Aqorda.Король Қазақстан басшысының Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқанын ерекше атап өтті. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев корольдіктің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғысын жеткізді.Осы орайда Тоқаев Иордания королінің сапары серіктестікті одан әрі нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Ал екі ел арасындағы конструктивті диалог пен тығыз қарым-қатынас алдағы уақытта да кеңейе бермек."Бұл жаңа бағыттарды қамтып, екіжақты әріптестіктің дамуына ғана емес, өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа да ықпал етеді деп ойлаймын", – деп атап көрсетті Тоқаев.
https://sputnik.kz/20250827/qazaqstan-men-iordaniya-arasynda-15-kelisimge-qol-qoyylady--toqaev-56621267.html
иордания
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1b/56624546_62:0:1217:866_1920x0_80_0_0_2fc8386b8247c01b11b14350666fea9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
иордания, қасым-жомарт тоқаев, орден
иордания, қасым-жомарт тоқаев, орден
Қазақстанға келген Иордания королі Тоқаевқа орден тапсырды
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Бүгін Ақордада өткен келіссөздерден кейін Иордания королі ІІ Абдалла Қасым-Жомарт Тоқаевқа осы елдің "Әл-Нахда" жоғары орденін тапсырды, деп хабарлады Aqorda.
Король Қазақстан басшысының Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқанын ерекше атап өтті. Ал Қасым-Жомарт Тоқаев корольдіктің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғысын жеткізді.
"Ұлы Мәртебелі, сізді аса көрнекті мемлекет қайраткері әрі көшбасшы ретінде бағалаймын. Сондықтан бұл марапатты өзіңізге деген шынайы құрметпен қабыл аламын. Осы айтулы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит Корольдігінің арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың символы санаймын. Біз ықпалдастығымыздың жаңа көкжиегі белгіленген бүгінгі келіссөздердің қорытындысына баса мән береміз", - деді Тоқаев.
Осы орайда Тоқаев Иордания королінің сапары серіктестікті одан әрі нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді. Ал екі ел арасындағы конструктивті диалог пен тығыз қарым-қатынас алдағы уақытта да кеңейе бермек.
"Бұл жаңа бағыттарды қамтып, екіжақты әріптестіктің дамуына ғана емес, өңірлік және жаһандық тұрақтылыққа да ықпал етеді деп ойлаймын", – деп атап көрсетті Тоқаев.