Қазақстан мен Иордания арасында 15 келісімге қол қойылады – Тоқаев

© Sputnik / Санат ИмангалиевВизит короля Иордании Абдаллы II. Встреча в Акорде
Визит короля Иордании Абдаллы II. Встреча в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 27 тамыз – Sputnik. Ақордада Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз өткізген Қасым-Жомарт Тоқаев 15 келісімге қол қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Иордания арасындағы қарым-қатынас 30 жылдағы ең жемісті кезеңнен өтіп жатыр. Осы орайда президент биыл ақпан айында Иорданияға жасаған сапарын еске алды.
"Мен Қазақстан президенті ретінде сіздің еліңізге алғаш рет ресми сапармен бардым. Ол өте жемісті болды. Екі жақты ынтымақтастығымызға тың серпін берді. Сіздің бүгінгі сапарыңыз да Қазақстан мен Иорданияның қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін. Бүгін біз 15-тен астам келісімге қол қоямыз. Соның ішінде көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, логистика, IT, цифрландыру, денсаулық сақтау, фармацевтика және тағы басқа салалар бар", - деді Тоқаев кеңейтілген құрамда өткен келіссөздер кезінде.
Визит короля Иордании Абдаллы II. Встреча в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2025
Тоқаев Ақордада Иордания королін қарсы алды
Жаңалықтар
0