https://sputnik.kz/20250826/toqaev-tazhikstanmen-ekizhaqty-yntymaqtastyqtyn-damu-qarqynyna-zhogary-baga-berdi-56610597.html
Тоқаев Тәжікстанмен екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді
Тоқаев Тәжікстанмен екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді
Sputnik Қазақстан
Президент Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екенін айтты 26.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-26T16:52+0500
2025-08-26T16:52+0500
2025-08-26T17:03+0500
президент
тәжікстан
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1a/56610255_0:65:1280:785_1920x0_80_0_0_fe6179d42597dcb80cc2261b3c07992d.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлады Ақорда.Кездесуде мемлекет басшысы Рустами Эмомалимен қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.Тәжікстан парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді.Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды.Кездесу барысында Тоқаев екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.
https://sputnik.kz/20250826/qazaqstan-qytaymen-strategiyalyq-seriktestikti-terendetuge-basa-man-beredi--toqaev-56604972.html
тәжікстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1a/56610255_74:0:1207:850_1920x0_80_0_0_f59a3fe242bbdc3fc2895006612eef27.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, тәжікстан, қазақстан
президент, тәжікстан, қазақстан
Тоқаев Тәжікстанмен екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді
16:52 26.08.2025 (жаңартылды: 17:03 26.08.2025) Президент Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екенін айтты
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Маджлиси Оли Маджлиси милли төрағасы Рустами Эмомалиді қабылдады, деп хабарлады
Ақорда.
Кездесуде мемлекет басшысы Рустами Эмомалимен қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі және одақтастық қатынастарын парламентаралық байланыстарды дамыту тұрғысынан талқылады.
Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынына жоғары баға берді. Сондай-ақ Рустами Эмомалидің сапары Қазақстан мен Тәжікстанның өзара ықпалдастығын одан әрі нығайтуда маңызды екеніне тоқталды.
Тәжікстан парламенті жоғары палатасының спикері қонақжайлық танытқаны үшін мемлекет басшысына алғыс айтып, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның сәлемін жеткізді.
Рустами Эмомали Қазақстан Тәжікстанның сенімді стратегиялық серіктесі және одақтасы екенін айтты. Сонымен қатар мемлекет басшысын Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығымен құттықтап, халықтарымыздың игілігі үшін екі елдің парламенттері арасында конструктивті және іскерлік байланыстар жолға қойылғанына назар аударды.
Кездесуде сауда-экономикалық ықпалдастықты, парламентаралық дипломатия мен су саласындағы байланысты арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқаны айтылды.
Кездесу барысында Тоқаев екіжақты стратегиялық серіктестікті нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Рустами Эмомалиді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.