https://sputnik.kz/20250826/qazaqstan-qytaymen-strategiyalyq-seriktestikti-terendetuge-basa-man-beredi--toqaev-56604972.html
Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән береді – Тоқаев
Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән береді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Тоқаевтың елшімен кездесуінде Қазақстан президентінің Қытайға жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды 26.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-26T12:52+0500
2025-08-26T12:52+0500
2025-08-26T12:55+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
елші
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:6017:3385_1920x0_80_0_0_1ecc03415eb667e96f63f60804a11e4f.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.Президент еліміздің Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән беретінін атап өтті.Елші қазақ-қытай қарым-қатынасын барлық салада нығайтуға тың серпін беретін Бейжің мен Тяньцзиндегі іс-шараларды нәтижелі өткізуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.Сонымен қатар кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективасы қарастырылды.
https://sputnik.kz/20250826/toqaev-si-tszinpinnin-shaqyruymen-qytayga-barady-56598288.html
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/748/13/7481383_0:0:5355:4016_1920x0_80_0_0_29221478bd64245d310fbd0d9fb385a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай, елші
қасым-жомарт тоқаев, қытай, елші
Қазақстан Қытаймен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән береді – Тоқаев
12:52 26.08.2025 (жаңартылды: 12:55 26.08.2025) Тоқаевтың елшімен кездесуінде Қазақстан президентінің Қытайға жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасайтын алдағы сапарына дайындық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Тяньцзинде өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" отырысына қатысу бағдарламасы пысықталды.
Президент еліміздің Қытаймен жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуге баса мән беретінін атап өтті.
"Мемлекет басшысы ШЫҰ саммиті табысты өтіп, Ұйым тарихының жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді. Бұл өңірлік сан қырлы байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді", - деп жазылған хабарламада.
Елші қазақ-қытай қарым-қатынасын барлық салада нығайтуға тың серпін беретін Бейжің мен Тяньцзиндегі іс-шараларды нәтижелі өткізуге бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Сонымен қатар кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты дамыту перспективасы қарастырылды.