Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Қытайға барады

© Photo : АкордаКасым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин
Касым-Жомарт Токаев и Си Цзиньпин - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
АСТАНА, 26 тамыз — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төраға Си Цзиньпиннің шақыруымен 30 тамыз – 3 қыркүйек күндері Қытай Халық Республикасына барады, деп хабарлады Ақорда.
Сапар аясында өтетін жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында қазақ-қытай мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасы талқыланады.
"31 тамыз – 1 қыркүйек күндері Қазақстан президенті Тяньцзинь қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне және "ШЫҰ плюс" жиынына қатысады", - деп жазылған хабарламада.
2 қыркүйекте мемлекет басшысы Бейжіңге барып, онда Қазақстан – ҚХР Іскерлік кеңесінде сөз сөйлеп, Қытайдың ірі компания жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді.
3 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға мәртебелі мейман ретінде қатысады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эммануэль Макрон - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2025
Тоқаев пен Макрон телефон арқылы сөйлесті
Жаңалықтар
0