Қазақстандық "Алтын адам" фильмі Иорданиядағы кинофестивальде көрерменді тәнті етті

© Sputnik / Тимур Батыршин"Алтын адам" қазақстандық анимациялық фильмі
Алтын адам қазақстандық анимациялық фильмі - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
"Алтын адам" фильмі отандық кинотеатрларда 5 маусымнан бастап прокатта болған
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстандық "Алтын адам" анимациялық фильмі Иорданияда өткен IV Халықаралық балалар кинофестивалінде көрермен көзайымы жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады мәдениет және ақпарат министрлігі.
Фильм министрлік тапсырысы бойынша түсірілген.
Аталған фестиваль 15-21 тамыз аралығында Иорданияның Корольдік кинокомиссиясының ұйымдастыруымен, Жәлилә бинт Әли ханшайымның қолдауымен өтті. Байқау бағдарламасында Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Латвия сынды елдерден келген балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік фильмдер көрсетілді.
"Алтын адам" фильмі отандық кинотеатрларда 5 маусымнан бастап прокатта болған. Туындыда Хан Тәңірі шыңына шыққан сақ жауынгерінің сапары баяндалады.
Картина батылдық пен ерлік, адалдық пен ар-намыс жайында. Жобаның басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдерді ізгілікке баулып, рухани құндылықтарды бойына сіңіру.
Бауырына салу фильмін түсіруге не себеп болды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2025
"Бауырына салу" фильмі Италиядағы кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды
Жаңалықтар
0