https://sputnik.kz/20250711/bauyryna-salu-filmi-italiyadagy-kinofestivaldin-bas-zhuldesin-zhenip-aldy-55579045.html
"Бауырына салу" фильмі Италиядағы кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды
"Бауырына салу" фильмі Италиядағы кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды
Sputnik Қазақстан
Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды 11.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-11T19:41+0500
2025-07-11T19:41+0500
2025-07-11T19:41+0500
қазақфильм
кинофестиваль
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1b/47398183_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_57aa30b9de5e3a99810132d00164672c.jpg
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі Италияның Иския аралында өтіп жатқан 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін картина Asia Pacific Screen Awards-тағы ең үздік жастар фильмі атанды, Әзербайжандағы Baku International Film Festival додасында да бас жүлдеге ие болды. Франциядағы Cinema Heritage Festival байқауында арнайы марапатқа ие болды.Оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-да "Үздік оператор" номинациясы бойынша топ жарды. Сонымен қатар фильм ресми түрде Қазақстаннан "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылды.Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Әжесі өмірден өткен соң бала ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынасы қиындайды.
https://sputnik.kz/20241123/bauyryna-salu-filmi-tagy-bir-khalyqaralyq-marapatqa-ie-boldy-48739948.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/1b/47398183_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_5bc2b0e6c2098b0310bd143f83a93f7f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақфильм, кинофестиваль
қазақфильм, кинофестиваль
"Бауырына салу" фильмі Италиядағы кинофестивалдің бас жүлдесін жеңіп алды
Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды
АСТАНА, 11 шілде – Sputnik. Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтың "Бауырына салу" фильмі Италияның Иския аралында өтіп жатқан 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
"Аталмыш туынды "Үздік толықметражды фильм" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды", - деп жазылған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін картина Asia Pacific Screen Awards-тағы ең үздік жастар фильмі атанды, Әзербайжандағы Baku International Film Festival додасында да бас жүлдеге ие болды. Франциядағы Cinema Heritage Festival байқауында арнайы марапатқа ие болды.
Оператор Жанарбек Елеубек Asia World Film Festival-да "Үздік оператор" номинациясы бойынша топ жарды. Сонымен қатар фильм ресми түрде Қазақстаннан "Шет тіліндегі үздік фильм" номинациясы бойынша "Оскар-2025" сыйлығына ұсынылды.
Фильмнің сюжеті ежелгі қазақ дәстүрі бойынша әжесінің тәрбиесінде болған баланың оқиғасын баяндайды. Әжесі өмірден өткен соң бала ата-анасына оралып, жаңа ортада бейтаныс адамдармен қарым-қатынасы қиындайды.