"Маман" ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды

© Photo : сайт акимата Нур-Султана / Александр КуприенкоЖилой комплекс "Жагалау-3" в Нур-Султане
Жилой комплекс Жагалау-3 в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Бағдарламаға Жетісу облысында кемінде бір жыл жұмыс істейтін және соңғы үш жылда аталмыш аймақта тіркеуі бар мамандар қатыса алады
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Жетісу облысында "Маман" ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Отбасы банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жаңа бастама өңірдің әлеуметтік және экономикалық өмірінің негізгі салаларында еңбек ететін мамандарды қолдауға бағытталған.
Ипотека шарттары:
Қарыз сомасы - 20 млн теңгеге дейін;
Бастапқы жарна - 10% бастап;
Сыйақы мөлшерлемесі - жылдық 5% (ЖТСМ 5,2% дан 5,7% дейін).
Қарызған алынған ақшаға бірінші нарықтағы тұрғын үйді, қолданыстағы басапананы және жеке үйді сатып алуға болады.

"Маманға" кімдер қатыса алады?

Бағдарламаға Жетісу облысында кемінде бір жыл жұмыс істейтін және соңғы үш жылда аталмыш аймақта тіркеуі бар мамандар қатыса алады. Олар:
журналистер мен БАҚ қызметкерлері;
мұғалімдер мен тәрбиешілер;
дәрігерлер мен медицина қызметкерлері;
мәдениет қайраткерлері және шығармашылық одақтардың мүшелері;
спортшылар мен жаттықтырушылар;
энергетика саласының мамандары;
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері;
туризм саласының қызметкерлері және саяси партия филиалдары аппараттарының қызметкерлері.

Үміткерлер қалай іріктеледі?

Өтінімдер қалалық және аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінде қабылданады. Ал тізімді әкімдік жанындағы тұрғын үй комиссиясы жасайды.
"Бағалау кезінде жасы, еңбек өтілі, отбасылық жағдайы, кәмелетке толмаған балаларының болуы, тұрғын үй кезегінде тұруы, үлескерлік мәртебесі, банкпен қатынасы және облыстағы тіркеу мерзімі ескеріледі. Ең жоғары баллды жас мамандар, балалары бар отбасылар және әлеуметтік осал санаттағы кезектегілер ала алады", - дейді банк мамандары.
Өтінім берушілердің жас мөлшері 63 жасты қоса алған жасқа дейін белгіленген. Соңғы 5 жыл ішінде отбасы мүшелерінде жылжымайтын мүліктің болмауы шарт. Сосын облыста үш жыл тұрақты тіркелген ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

Өтінім қалай беріледі?

Бағдарламаға қатысу құжаттар топтамасымен жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына жүгіну қажет. Құжаттар:
әкімдіктен жолдама;
жеке төлқұжат;
неке қию куәлігі және балалардың туу туралы куәліктері;
табыс туралы және жылжымайтын мүліктің жоқтығы жөнінде анықтама.
Ал жеке кәсіпкерлер банктік шоттың соңғы 12 айдағы қосымша үзінді көшірмесін де тапсыруы шарт.
Реклама ипотеки, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Депутаттар 5 проценттік жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеуді ұсынды
Жаңалықтар
0