Депутаттар 5 проценттік жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеуді ұсынды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуРеклама ипотеки, архивное фото
Реклама ипотеки, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.05.2025
Жазылу
Халық қалаулылары "Асыл мекен" бағдарламасын республикалық бюджеттен жыл сайын қаржыландыруды талап етті
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. "AMANAT" партиясының мәжілістегі фракциясы жаңа ипотекалық бағдарламаны әзірлеуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Депутат Ерлан Сайыровтың айтуынша, 2024 жылы Отбасы банкі бастапқы және қайталама тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ ауылдарда жеке тұрғын үйлер салуға қолжетімді қаржыландыруды ұсынатын "Асыл мекен" пилоттық бағдарламасын іске қосты.
"Бұл жобаны іске асыруға Отбасы банкі өз қаражатынан 2 млрд теңге бөлді. "Отау" және "Наурыз" бағдарламалары бойынша кезекте тұрғандар мен өтініш берушілерге қатысуға басымдық берілді. Қарыздың ең жоғары сомасы 10 млн теңгені құрайды. Алайда бағдарлама тиімділігі болғанына қарамастан жалғасын таппады, оны қаржыландыру тоқтатылды",- деді Сайыров мәжілістің бүгінгі отырысында.
Ал президент Отбасы банк қызметін аудан орталықтарына, моноқалаларға және ауылға бұруды тапсырған болатын. Осыған байланысты фракция үкіметке депутаттық сауал жолдап, "Асыл мекен" бағдарламасын республикалық бюджеттен жыл сайын қаржыландыруды талап етті. Сондай-ақ ауылға бейімделген ипотекалық өнімдерді әзірлеу қажеттігін жеткізді.
"Ауылдар, моноқалалар және шағын қалалар тұрғындары үшін төмендетілген мөлшерлемесі 5 %-ға дейін және ең төменгі бастапқы жарнасы 10 %-дан басталатын жеңілдікті ипотекалық өнімдер жасау қажет. Ал халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттар үшін мөлшерлемелерді субсидиялау керек", - деді Сайыров.
Жаңалықтар
0