Кредит алғандар туралы ақпарат салық органдарына жіберіледі

© Sputnik / Абзал КалиевТенге, монеты
Тенге, монеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Қаржы министрлігі көлеңкелі экономиканы қысқартуды көздеп отыр
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Қаржы министрлігі есепшоттағы ақшаның қалдығы мен қозғалысы, сондай-ақ кредиттер туралы ақпаратты салық органдарына жіберу туралы бұйрықты әзірледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Ашық НҚА" сайтында жарияланған бұйрықтың жобасына сәйкес, салық органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсынуға міндетті адамдарға қатысты ақпарат қана жіберіледі. Сондай-ақ бір жыл ішінде құны 20 000 АЕК-тен (2025 жылда – 78 640 000 теңгеден) асатын мүлікті сатып алған жеке тұлғалардың шоттарындағы қаражаттардың қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер ұсынылады.
"Бұл салық органдарына камералдық бақылауды уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді және жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін бақылаудың тиімді жүйесін құруға ықпал етеді, сондай-ақ бюджетке түсетін түсімдер көлемінің ұлғаюына және көлеңкелі экономика үлесінің қысқаруына әкеп соғады", - делінген бұйрықта.
Айта кетері, биылдан бастап жалпыға бірдей декларация тапсыру тәртібіне бірқатар өзгеріс енгізілді. Бұдан былай шетелдегі активтері бар азаматтарды бақылау шараларына ерекше басымдық беріледі. Ал мүлік пен ақшаны жасырғандарға салынатын айыппұлдың көлемі өсті.
Монеты, земля, поддержка сельского хозяйство, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2025
Қазақстанның кредит рейтингіне қатысты болжам позитивті деңгейге көтерілді
Жаңалықтар
0