https://sputnik.kz/20250823/qazaqstannyn-kredit-reytingine-qatysty-bolzham-pozitivti-dengeyge-koterildi-56543787.html
Қазақстанның кредит рейтингіне қатысты болжам позитивті деңгейге көтерілді
Қазақстанның кредит рейтингіне қатысты болжам позитивті деңгейге көтерілді
Sputnik Қазақстан
S&P пікірінше Ұлттық инфрақұрылым жоспарын одан әрі іске асыру экономиканы кезең-кезеңмен әртараптандыруға және шикізаттық емес кірістердің өсуіне ықпал етеді 23.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-23T10:29+0500
2025-08-23T10:29+0500
2025-08-23T10:29+0500
қазақстан
экономика
рейтинг
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23744596_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_920f1e7bb0219057448e22a653e58e06.jpg
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның егеменді кредит рейтингіне қатысты болжамын "тұрақтыдан" "позитивке" көтеріп, елдің рейтингі "ВВВ-" деңгейіне шыққанын растады, деп хабарлайды Ұлттық банк.Оң болжам ел экономикасын ырықтандыру мен әртараптандыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және бюджет тапшылығын азайтуға бағытталған шаралардың оң динамикасын көрсетеді. Сонымен қатар агенттік сыртқы қарыздың қалыпты деңгейін және халықаралық резервтердің тұрақты деңгейін атап өтті.Сарапшылар банк секторының геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге төзімді, капитал резервінің жеткілікті, өтімділіктің тұрақты екеніне де тоқталды. Бұл ретте макропруденциалдық шараларды күшейту аясында тұтыну кредиттері төмендейді деген болжам бар.2025 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдауды қоса алғанда, институционалдық және құрылымдық реформаларды іске асыру, сондай-ақ бюджет қағидаларын қатаңдату фискалдық шоғырландыруға ықпал етіп, Қазақстанның өтімді активтерінің айтарлықтай қорын сақтауға мүмкіндік береді.
https://sputnik.kz/20250120/qazaqstan-internet-zhyldamdygy-boyynsha-alemde-neshinshi-orynda-tur-50128181.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23744596_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_0c5a79f5dbc172f2cdb77788f3ec91c5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, экономика, рейтинг
қазақстан, экономика, рейтинг
Қазақстанның кредит рейтингіне қатысты болжам позитивті деңгейге көтерілді
S&P пікірінше Ұлттық инфрақұрылым жоспарын одан әрі іске асыру экономиканы кезең-кезеңмен әртараптандыруға және шикізаттық емес кірістердің өсуіне ықпал етеді
АСТАНА, 23 тамыз – Sputnik. S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның егеменді кредит рейтингіне қатысты болжамын "тұрақтыдан" "позитивке" көтеріп, елдің рейтингі "ВВВ-" деңгейіне шыққанын растады, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Оң болжам ел экономикасын ырықтандыру мен әртараптандыруға, сондай-ақ мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға және бюджет тапшылығын азайтуға бағытталған шаралардың оң динамикасын көрсетеді. Сонымен қатар агенттік сыртқы қарыздың қалыпты деңгейін және халықаралық резервтердің тұрақты деңгейін атап өтті.
"S&P болжамның оң болғанын анықтайтын факторлардың ішінде ақша-несие саясаты негізінің нығаюын, Ұлттық банктің инфляцияның өсуіне әрекетін және квазифискалдық операциялар көлемінің қысқаруын атап өтеді", - деп жазылған хабарламада.
Сарапшылар банк секторының геосаяси және макроэкономикалық тәуекелдерге төзімді, капитал резервінің жеткілікті, өтімділіктің тұрақты екеніне де тоқталды. Бұл ретте макропруденциалдық шараларды күшейту аясында тұтыну кредиттері төмендейді деген болжам бар.
"S&P пікірінше Ұлттық инфрақұрылым жоспарын одан әрі іске асыру экономиканы кезең-кезеңмен әртараптандыруға және шикізаттық емес кірістердің өсуіне ықпал етеді. ЖІӨ-нің нақты өсімі 2025 жылы 5,5% деңгейінде болып, 2026-2028 жылдары 4%-ға дейін біртіндеп баяулайды", - дейді мамандар.
2025 жылы жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қабылдауды қоса алғанда, институционалдық және құрылымдық реформаларды іске асыру, сондай-ақ бюджет қағидаларын қатаңдату фискалдық шоғырландыруға ықпал етіп, Қазақстанның өтімді активтерінің айтарлықтай қорын сақтауға мүмкіндік береді.