ИКАО Қазақстанның авиациялық қауіпсіздігіне аудит жүргізеді

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматы әуежайы
Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Қазақстан үшін аудиттен сәтті өту 2026 жылы Нью-Йорк қаласына тікелей рейстерді орындаудың басталуына байланысты ерекше маңызға ие
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) алдағы аудиті қарсаңында көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың төрағалығымен кеңес өтті, деп хабарлады көлік министрлігі.
Авиациялық қауіпсіздік саласындағы ИКАО аудиті – ұйымға мүше кез келген ел үшін маңызды іс-шара. Мұндай тексерулер барлық мемлекеттерде жүйелі түрде жүргізіледі және олардың нәтижелері авиация саласының дамуына тікелей әсер етеді.
"Аудиттен өтпеу немесе елеулі сәйкессіздіктердің анықталуы әуе компаниялары мен әуежайларға шектеулер енгізуге әкелуі мүмкін. Қазақстан үшін аудиттен сәтті өту 2026 жылы Нью-Йорк (АҚШ) қаласына тікелей рейстерді орындаудың басталуына байланысты ерекше маңызға ие", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстандағы ИКАО аудитін осы жылдың 2–14 қыркүйегі аралығында авиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшылар жүргізеді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы авиациялық қауіпсіздік бойынша ИКАО аудитінің көрсеткіші 83%-ды құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру жоспарланып отыр, дейді ведомстводағылар.
Алғашқы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жаңа оқу жылында мектептерде жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі
Жаңалықтар
0