Жаңа оқу жылында мектептерде жеке қауіпсіздік сабақтары қайта жүргізіледі

Алғашқы қоңырау - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2025
Жазылу
Сабақтар балабақшалардан бастап колледждерге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды
АСТАНА, 22 тамыз – Sputnik. 1 қыркүйектен бастап еліміздің барлық білім беру ұйымында жеке қауіпсіздік сабақтары қайта басталады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.
Бұл сабақтар балалардың түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларын қалыптастыруға және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауын дамытуға бағытталған, дейді ведомстводағылар.
Сабақтар балабақшалардан бастап колледждерге дейін білім берудің барлық деңгейін қамтиды.
Әр жас ерекшелігіне сәйкес бөлек блок әзірленген:
балабақша — жедел қызмет нөмірлерін білу, ойын және демалыс алаңдарындағы қауіпсіздік ережелері;
бастауыш сыныптар — судағы және мұздағы қауіпсіздік, бейтаныс адамдармен кездескенде өзін ұстау, қаңғыбас иттерден қорғану;
орта буын сыныптары — буллинг пен кибербуллинг, қауіпті интернет-әуестенулер, бейтаныстардың ұсыныстарынан бас тарту, өз іс-әрекетіне жауапкершілікті қалыптастыру;
жоғары сыныптар мен колледждер — қаржылық сауаттылық, алаяқтардан қорғану, онлайн-ойындардағы тәуекелдер, еңбек қауіпсіздігі, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жеке әрекеттері үшін жауапкершілік.
Сабақтар әр аптада сынып сағаты аясында 10 минуттан өткізіледі және тақырыптар жылына үш рет қайталанады.
Астанадағы Жайлы мектеп - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2025
Биыл 138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Жаңалықтар
0