https://sputnik.kz/20250821/biyl-138-myn-oqushy-oqu-zhylyn-zhanartylgan-mektepterde-bastaydy-56491962.html
Биыл 138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Биыл 138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Sputnik Қазақстан
Реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылды 21.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-21T12:08+0500
2025-08-21T12:08+0500
2025-08-21T12:08+0500
мектеп
жөндеу жұмыстары
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708638_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_5f411c5d7c0e53d1bed319b2600fd46a.jpg
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталады, деп хабарлады оқу-ағарту министрлігі.Нәтижесінде 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде білім алады.Министрлік хабарлауынша, робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет орнатылды.Кешенді жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу кіреді.Бұл шаралардың барлығы қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, қазақстандық балалар үшін жайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.
https://sputnik.kz/20250812/qazaqstanda-mektep-panderinin-birlestigi-testileudi-bastaydy-56321958.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/08/1f/46708638_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_21464239e4c912114390a7dcc30644de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, жөндеу жұмыстары
Биыл 138 мың оқушы оқу жылын жаңартылған мектептерде бастайды
Реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылды
АСТАНА, 21 тамыз – Sputnik. Жаңа оқу жылы басталғанға дейін 163 білім беру ұйымында жөндеу жұмыстары аяқталады, деп хабарлады
оқу-ағарту министрлігі.
Нәтижесінде 138 мыңнан астам оқушы жаңартылған және толықтай қайта жабдықталған мектептерде білім алады.
"Реновация бағдарламасы аясында 127 мектеп жаңартылды, онда 99 мыңға жуық бала білім алады. Сонымен қатар 1 мыңға жуық ауылдық мектеп жаңғыртылып, оларға күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік хабарлауынша, робототехника, химия, биология, физика және STEM пәндері бойынша 1108 заманауи кабинет орнатылды.
Кешенді жобаларға мектептерді күрделі жөндеу, сыныптарды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, жиһаздарды жаңарту, кітапханалар мен асханаларды модернизациялау, заманауи қауіпсіздік жүйелерін енгізу кіреді.
Бұл шаралардың барлығы қала мен ауыл арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайтуға, қазақстандық балалар үшін жайлы және заманауи білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған.