Батыс Қазақстанда күйеуіне киллер жалдаған әйел сотталды

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2025
Жазылу
Жәбірленушінің заңсыз әрекеттері ескеріліп, сотталушының жазасы жеңілдетілді
АЛМАТЫ, 26 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған әйел сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Оған Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бабы, 28-бабы 5-бөлігі, 24-бабы 1-бөлігі, 99-бабы 2-бабы 7-тармағы, 8-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Алайда қазылар алқасының үкімімен Қылмыстық кодекстің 287-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны тағайындау кезінде сот жас балаларының болуын, шын жүректен өкінетіндігін және жәбірленушінің заңсыз әрекеттерін ескеріп, сотталушының жазасы жеңілдетілді", - дейді ведомство.
Сотталушы сот үкімімен үш жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ограбление, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2025
Павлодар тұрғыны бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған
Жаңалықтар
0