https://sputnik.kz/20250627/pavlodar-turgyny-buryngy-ayelin-oltiru-ushin-killer-zhaldagan-55142822.html
Павлодар тұрғыны бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған
Павлодар тұрғыны бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған
Sputnik Қазақстан
Уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында жәбірленуші тірі қалды 27.06.2025, Sputnik Қазақстан
2025-06-27T08:50+0500
2025-06-27T08:50+0500
2025-06-27T08:50+0500
павлодар
қылмыс
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_0a268058198359dd91d78291fbb5a5ee.jpg
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін қызғаныш пен мүлік мәселесіне байланысты киллер жалдап өлтірмек болған, деп хабарлайды облыстық сот.2024 жылдың басында Б. бұрынғы әйелі Г.-ны аңдитын адамды тауып беру үшін М.-ға жүгінген, сыйақы сомасы 1 миллион теңгені құраған.М. осы мақсаттағы жұмыс үшін Б.-ның шартына келісіп, Д.-ны тапқан. Кейіннен Б. бұрынғы әйелін қызғаныш пен мүлік мәселесіне байланысты өлтіру үшін М. арқылы Д.-ны жалдаған. Сыйақы 3 000 000 теңгені құраған.Алайда бұрылыстан көліктің шығуына байланысты ұсталып қалудан қорқып, Д. қылмыс орнынан қашып кеткен.Уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында Г. тірі қалды.Сотталушылардың кінәсі сотталушы Д.-ның алғашқы айғақтарымен, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындысымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.Жәбірленуші тарап ең жоғарғы жаза кесуді сұрады.Б. мен М. кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Д. өзінің әрекетін қарақшылық ретінде қайта саралауды сұрады.Сондай-ақ олардан жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 8,8 миллион теңгені құрайтын моральдық шығын мен өкілдің қызметі үшін өтемақы өндірілді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/24/12602497_220:0:2000:1335_1920x0_80_0_0_cbec73865a3ccb4d8a626aec36d0de81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, қылмыс
Павлодар тұрғыны бұрынғы әйелін өлтіру үшін киллер жалдаған
Уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында жәбірленуші тірі қалды
АСТАНА, 27 маусым – Sputnik. Павлодарда ер адам бұрынғы әйелін қызғаныш пен мүлік мәселесіне байланысты киллер жалдап өлтірмек болған, деп хабарлайды облыстық сот.
2024 жылдың басында Б. бұрынғы әйелі Г.-ны аңдитын адамды тауып беру үшін М.-ға жүгінген, сыйақы сомасы 1 миллион теңгені құраған.
М. осы мақсаттағы жұмыс үшін Б.-ның шартына келісіп, Д.-ны тапқан. Кейіннен Б. бұрынғы әйелін қызғаныш пен мүлік мәселесіне байланысты өлтіру үшін М. арқылы Д.-ны жалдаған. Сыйақы 3 000 000 теңгені құраған.
"2024 жылғы 18 маусымда таңертең Д., Павлодар қаласы Баратбаев көшесінің бойымен жүріп келе жатқан Г.-ны күтіп тұрып, оны артынан қуып жетіп, қолындағы пышақпен оның кеудесіне және бетіне бірнеше рет пышақ сұғып алған", - деп жазылған хабарламада.
Алайда бұрылыстан көліктің шығуына байланысты ұсталып қалудан қорқып, Д. қылмыс орнынан қашып кеткен.
Уақытылы медициналық көмек көрсетудің арқасында Г. тірі қалды.
Сотталушылардың кінәсі сотталушы Д.-ның алғашқы айғақтарымен, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындысымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді.
Жәбірленуші тарап ең жоғарғы жаза кесуді сұрады.
Б. мен М. кінәсін мойындамай, ақтауды сұрады. Д. өзінің әрекетін қарақшылық ретінде қайта саралауды сұрады.
"Сот әрбір кінәліге 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті", - деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ олардан жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 8,8 миллион теңгені құрайтын моральдық шығын мен өкілдің қызметі үшін өтемақы өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.