https://sputnik.kz/20250826/130-dan-astam-zholaushy-turistik-poyyzben-saparga-attandy-56613549.html
130-дан астам жолаушы туристік пойызбен сапарға аттанды
130-дан астам жолаушы туристік пойызбен сапарға аттанды
Sputnik Қазақстан
Саяхат ұзақтығы 6 күнді, 26–31 тамыз аралығын қамтиды 26.08.2025, Sputnik Қазақстан
2025-08-26T21:29+0500
2025-08-26T21:29+0500
2025-08-26T21:29+0500
қазақстан
өзбекстан
пойыз
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1a/56613069_0:0:2560:1440_1920x0_80_0_0_164e644b971638d8e4268e4ba76c1654.jpg
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. "Keruen Express" туристік пойызымен 130-дан астам жолаушы сапарға аттанды, деп хабарлады "Жолаушылар тасымалы" АҚ.Бүгін туристік пойыз "Алматы–Түркістан–Самарқан–Бұқара–Ташкент–Алматы" бағыты бойынша сапарға шықты. 130-дан астам жолаушы мінген бұл бағыт Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырып, жолаушыларға екі елдің тарихи және мәдени мұраларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді.Саяхат ұзақтығы 6 күнді, 26–31 тамыз аралығын қамтиды.Аталған құрам Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын жетінші туристік пойыз болды. Пойыз бес заманауи вагоннан тұрады: төртеуі – купе, біреуі – вагон-мейрамхана.Маршрут екі елдің ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Бағдарламада Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Отырар қалашығы, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңы, Бұқарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз кешені, Ташкенттегі Хазрет Имам мемориалдық кешені мен Төле би кесенесі және басқа да тарихи орындар бар.
https://sputnik.kz/20250529/sianalmaty-bagyty-boyynsha-algashqy-turistik-poyyz-saparga-attandy-54027111.html
қазақстан
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/08/1a/56613069_320:0:2240:1440_1920x0_80_0_0_7611f394f4b5c56ecf7371d9106a5312.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, өзбекстан, пойыз
қазақстан, өзбекстан, пойыз
130-дан астам жолаушы туристік пойызбен сапарға аттанды
Саяхат ұзақтығы 6 күнді, 26–31 тамыз аралығын қамтиды
АСТАНА, 26 тамыз – Sputnik. "Keruen Express" туристік пойызымен 130-дан астам жолаушы сапарға аттанды, деп хабарлады
"Жолаушылар тасымалы" АҚ.
Бүгін туристік пойыз "Алматы–Түркістан–Самарқан–Бұқара–Ташкент–Алматы" бағыты бойынша сапарға шықты. 130-дан астам жолаушы мінген бұл бағыт Қазақстан мен Өзбекстанды байланыстырып, жолаушыларға екі елдің тарихи және мәдени мұраларымен танысуға бірегей мүмкіндік береді.
Саяхат ұзақтығы 6 күнді, 26–31 тамыз аралығын қамтиды.
"Туроператорлардың қолдауымен Алматы қаласындағы Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығының 25 тәрбиеленушісі осы турға тегін қатысу мүмкіндігіне ие болды", – дейді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.
Аталған құрам Қазақстан мен Өзбекстан арасында қатынайтын жетінші туристік пойыз болды. Пойыз бес заманауи вагоннан тұрады: төртеуі – купе, біреуі – вагон-мейрамхана.
Маршрут екі елдің ең ірі мәдени және тарихи орталықтарын қамтиды. Бағдарламада Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Отырар қалашығы, Самарқандтағы Әмір Темір кесенесі мен әйгілі Регистан алаңы, Бұқарадағы Арк қамалы мен Ляби-Хауз кешені, Ташкенттегі Хазрет Имам мемориалдық кешені мен Төле би кесенесі және басқа да тарихи орындар бар.