"Сиань–Алматы" бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды

"Сиань–Алматы" бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды
Сиань–Алматы бағыты бойынша алғашқы туристік пойыз сапарға аттанды - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2025
Жазылу
Туристік пойыз 9 вагоннан тұрады және жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген
АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Бүгін Қытайдың Сиань қаласынан "Сиань – Алматы" бағыты бойынша алғашқы халықаралық туристік пойыз жолға шықты, деп хабарлады "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Пойыз Үрімжі қаласы арқылы өтіп, халықаралық шекаралық Қорғас өткеліне тоқтайды. Бұл жерде пойыздың дөңгелек жұптары ауыстырылады. Одан кейін пойыз Алтынкөл станциясы арқылы Алматы қаласына жетеді.

"Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени байланыстарды тереңдетіп, туризм саласындағы серіктестікті дамытуға бағытталған. Сапар барысында қытайлық қонақтар еліміздің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысып, болашақта жаңа бірлескен жобалардың бастамасына негіз қаланады деп сенеміз", – деді "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Туристік пойыз 9 вагоннан тұрады және жолаушыларға барынша қолайлы жағдай жасау үшін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген. Туристік топ құрамында бизнес өкілдері, ғалымдар, актерлермен спортшыларды қоса алғанда 246 адам бар.
Қытайлық туристер бес күн бойы Қазақстанның оңтүстік астанасының тарихи және мәдени мұрасымен танысып, негізгі көрнекті орындарды аралайды, сондай-ақ, қабылдаушы тарап ұйымдастырған мәдени және іскерлік іс-шараларға қатысады.
Жаңалықтар
0